Жастар үшін мүмкіндік
Қарағанды облысында оқушылар мен студенттерге жазда қосымша табыс табу ұсынылып отыр.
16 жастан асқан студенттер мен мектеп оқушыларына жазғы демалыс кезінде толық емес жұмыс күні ұсынылады. Жалақы айына 40 АЕК-ті құрайды, яғни шамамен 148 мың теңге. Жұмысқа орналасу үшін тұрғылықты жердегі мансап орталықтарына жүгіну қажет.
«Студенттер мен жоғары сынып оқушылары! Қарағанды облысының мансап орталықтары 16 жастан асқан жастарды жазғы кезеңге жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы хабарлайды. Демалыс уақытында жұмыс істеу – жастарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін мансап орталықтары ұйымдастыратын жұмыс түрі. Алдын ала кәсіби дайындық талап етілмейді», – делінген Облыстық еңбек ұтқырлығы орталығының хабарламасында.
Қажетті құжаттар:
- Ата-аналардың жазбаша рұқсаты (егер 18 жаста болмаса);
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Туу туралы куәлік (егер 18 жаста болмаса);
- Оқу орнынан анықтама;
- Банктік шоттың болуы туралы анықтама;
Барлық сұрақ жөнінде WhatsApp нөміріне хабарласуға болады: 8-775-644-35-80.
Еңбек ұтқырлығы орталығында жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
- Жұмысқа қашан жолдама алуға болады?
– Жолдамаларды беру шамамен 2024 жылдың мамыр айының ортасынан басталады.
- Қайда жүгіну керек?
– Жұмысқа жолдама алу үшін ата-ана баласымен бірге (егер 18 жасқа толмаса) тұрғылықты жеріндегі Мансап орталығына жүгінеді.
- 14 жастағы балаға қатысуға бола ма?
– Жоқ, жұмысқа қабылдау тек 16 жастан бастап қана, өйткені жеке куәлік қажет.
- Қандай жұмыс? Не істеу керек?
– Мансап орталықтары өз қалаларының/аудандарының ұйымдарымен келісімшарт жасайды, осылайша әр түрлі бос жұмыс орындарының тізімі жасалады. Мансап орталығында бос жұмыс орындарының тізімін оқып, өзіңізге сәйкес келетін жұмысты өзіңіз таңдайсыз.
- Жалақы қандай?
– Жалақы айына 40 АЕК (аударымдар, салықтар және т.б. шегерілгенге дейін).
- Жұмыс кестесі қандай?
– Жұмыс кестесі сіз жұмыс істейтін ұйымға байланысты. Бұл – негізінен 8 сағаттық жұмыс күні, 5/2.
Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат Қарағанды облысының Еңбек ұтқырлығы орталығының Instagram парақшасында тұрақты түрде жарияланады.