Жастарға жол ашық! Үш жаңа мүмкіндікпен танысыңыз

«Жастар практикасы» – тәжірибе арқылы табысқа бастар жол!

Жоғары оқу орны немесе колледж тәмамдаған жас түлексіз бе? Ендеше, сіз үшін керемет мүмкіндік бар!

Бұл бағдарлама кәсіби машықты арттырып, болашақ жұмыс жолыңызды сенімді бастауға көмектеседі.

Талаптар мен шарттар:

Жас шегі – 35 жасқа дейін

Оқу орнын бітіргеніне 5 жылдан аспауы тиіс

Жұмыс ұзақтығы – 12 айдан аспайды

Ай сайынғы жалақы – кемінде 30 АЕК

«Алғашқы жұмыс орны» – еңбек жолының алғашқы баспалдағы!

Кәсіби білімі жоқ, бірақ жұмыс істеуге ынталы жастар үшін таптырмас мүмкіндік! Бұл жоба сізге алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға жол ашады.

Мүмкіндіктері:

Жұмыс ұзақтығы – 18 айға дейін

Жалақы мемлекет есебінен төленеді

Жобадан соң – тұрақты жұмыс орны ұсынылады

«Ұрпақтар келісімі» – тәжірибе мен білімнің сабақтастығы

Көп жылдық тәжірибесі бар мамандардың білімі мен біліктілігі жастарға жол көрсетеді! Бұл бағдарлама жас маман ретінде білікті кадрлардың жанында өсіп, тәжірибе жинауға бағытталған.

Негізгі шарттары:

Жұмыс мерзімі – 6 айдан аспайды

Жалақы мемлекет тарапынан төленеді

Бағдарлама соңында – тұрақты жұмыс орнына жолдама

Мүмкіндікті жіберіп алма! Жастардың болашағына инвестиция салатын бұл жобалармен бүгіннен бастап таныс, ертеңіңді бірге құр!

Мансап орталығының ақпараты негізінде