ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДАМУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

Жасанды интеллект жай технологиялық жаңалық емес. Ол экономика дамуын жеделдететін, мемлекеттік басқаруды тиімді ететін, халықтың өмір сапасын арттыратын негізгі құралға айналды. Сондықтан Қазақстанда да жасанды снаны барынша қолға алу қажет. Президент “Түркістан” газетіне берген сұхбатында да мұны ерекше атап өтті. Және “Жасанды интеллект – болашақта технология дәуіріне апаратын “жолдама” деп атап өтті. Экономика саласында жасанды интеллект өндірісті автоматтандыруға, шығынды азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы орайда бұл технологияны дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалану еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қоғамның дамуына жаңа серпін береді.