Жасай бер мәңгі, Республикам менің !

Республика күні – әрбір азамат үшін ерекше мереке.

Бұл күн – біздің тарихымызға деген құрметіміз бен болашаққа деген сеніміміздің белгісі.

Біз үшін Тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры саналатын, елдігіміздің бастауы – еліміздің игілігі әрі баға жетпес құндылық.

Сондықтан бұл күннің мән-маңызын жас ұрпаққа кеңінен дәріптеп, ұлттық рухты асқақтататын, айбынымызды арттыратын іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруымыз қажет. Мұндай іс-шаралар балалардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, достық пен ынтымақтастықты нығайта түседі.

Бұл күн – елдіктің, татулық пен бірліктің мерейі үстем болатын, әрбір азаматты Отанға қызмет етуге баулитын ерекше сәт. Мемлекетіміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеу – тәуелсіздіктің нышандарына деген құрметтің көрінісі.

Осы мереке аясында Қарағанды қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес КМҚК «Бақыт» бөбекжайында ата-аналармен, балалармен және педагогтармен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Қазыбек би атындағы ауданның білім беру қызметкерлері арасында өткізілген спартакиадада біздің бөбекжай 3-орынды иеленді. Бұл – біз үшін үлкен жетістік.

Қазыбек би аудандық комитеті филиалының төрайымы Қашенова Марал Елубаевна – өз ісінің шебері, кәсіподақ ұйымының дамуына зор үлес қосып келе жатқан тәжірибелі маман. Ол ұстаздардың еңбегін бағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырады. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, кез келген мәселені сабырмен және парасаттылықпен шешуге тырысады. Жыл сайын кәсіподақ жұмысын жандандыру мақсатында түрлі іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып келеді.

Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, дене шынықтыру нұсқаушылары арасында «Жаса, жаса, Қазақстан!» атты спорттық-зияткерлік сайыс өткізу жоспарлануда.

Балалармен бірге «Қазақстан – көпұлтты ел» фестивалі, «Туыңды таны» акциясы, ата-аналармен өткізілген «Ұлттық ойындар» шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға балалар мен ата-аналар белсенді қатысып, үлкен қызығушылық танытты және жас ұрпақты шабыттандырды.

Біз жас ұрпақтың жүрегіне Отанына, жеріне, еліне, отбасына, достарына деген ыстық сезім мен шынайы сүйіспеншілікті ұялатуға тиіспіз.

«Қазақстандық өз мемлекетінің болашағы үшін жауапты» деген ұғымды жас буынның санасына сіңіру – әр педагогтың басты міндеті.

Тәуелсіз жас ұрпақты лайықты тәрбиелеу – бізге артылған аса жауапты іс. Осы міндетті орындау үшін әрбір педагог жанын салып еңбек етеді. Сондықтан олардың еңбегі қашанда құрметке лайық.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін елің болмаса, елің дейтін бала қайдан болсын», – деген.

Тәрбиешілер қай кезеңде болсын, елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде.

Құрметті Қарағанды қаласының білім бөлімі, Қазыбек би аудандық кәсіподақ ұжымы, барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары, тәрбиеленушілер және ата-аналар!

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жас ұрпақ – біздің болашағымыз!

Бұл күн – Тәуелсіз Қазақстанның жаңғыруының, халықтың еркіндік пен теңдікке ұмтылған күш-жігерінің символы.

Бүгінгі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен келісім, еңбекте табыс, тұрақтылық пен ынтымақ тілеймін!

Қазақстанымыздың көк байрағы биікте желбірей берсін!

З.Т.Ныгыметова,

«Бақыт» бөбекжайының директоры, п..ғ. магистрі