«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасының салтанатты жабылу рәсімі өткізілді.

Шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен, Мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Байбосынов, “Ауыл” партиясының өкілдері,
жоба оқытушылары мен түлектері қатысты.
Департамент басшысы түлектерді құттықтап, мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілігін атап өтіп, жастардың бұл салаға жаңа серпін әкелетінін атап өтті.
Рәсім соңында түлектерге жобаны сәтті аяқтағаны жөнінде арнайы сертификаттар табысталды.