Жанармай бағасының шекті мөлшерін бұзған фактілер анықталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың басында Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі 180 күн мерзімде мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілегені белгілі.
Аталған бұйрыққа сәйкес, жанармай бағасы төмендегі бағадан аспауы тиіс болған.
- АИ-80 маркалы бензин — литр үшін 89 теңге;
- АИ-92 маркалы бензин — литр үшін 182 теңге;
- АИ-93 маркалы бензин — литр үшін 182 теңге;
- АИ-95 маркалы бензин — литр үшін 215 теңге;
- Дизель отыны (жазғы, маусымаралық)
Бұл тарапта көгілдір отынның мәселесіі де жеке қаралады. Себебі бағаны мемлекет тарапынан реттеуге дәл осы газ отыны тікелей түрткі болғаны белгілі. Президенттің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырсында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов газ бағасы 2024 жылға дейін өткен жылдың желтоқсан айындағы шекті баға мөлшерінде сақталатыныны жеткізген.
- Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында — литр үшін 260 теңге;
- Нұр- Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында — литр үшін 230 теңге.
Бұл ретте, өткізушілер мұнай өнімдеріне шекті бағаларды бөлшек саудада өткізуді асырып жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген және осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік хаттама жасауға құзыретті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары болып табылады
Еліміздің жекелеген өңірлерінде жанармай өткізушілерге қатысты мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын асырғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған
Мысалы, Қарағанды облысында және Нұр- Сұлтан қаласында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілерге қатысты ЖЖМ шекті бағаны арттыру бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 хаттама жасалды. Сонымен қатар, Павлодар облысында мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша мемлекеттік мекеме мен бөлшек саудада өткізушілердің арасында 250 теңге бағасы бойынша АИ-92 маркалы бензинді жеткізуге шарт жасалғанын атап өту қажет.
Алайда, мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеуді ескере отырып, тараптармен бағаны 250 теңгеден 182 теңгеге азайту бөлігінде шартқа қосымша келісім жасады, бұл бөлшек сауда өткізушілерге қатысты шаралар қабылдау қажеттілігін жоққа шығарады.
Құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістің (түсімнің) жүз пайызы мөлшерінде аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып немесе одан айыра отырып айыппұл қарастырылған.
Осыған байланысты, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру және олардың айналымы саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауы және мұнай өнімдерін белгіленген шектерден жоғары сатуға жол бермеуі тиіс
Тұтынушылар өз кезегінде, жанармай бағасының арту фактілері анықталған жағдайда, субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Энергетика министрлігіне және ТМРК аумақтық департаменттеріне өтініш білдіруге мүмкіндігі бар.
ҚР ҰЭМ, Табиғи монополияларды Реттеу комитетінің ақпараты