Жалған вакцинация паспортын алғандарға екпе салынады

Екпе алудан бас тартып, вакцинациядан өткені туралы жалған паспорт сатып алған адамдар анықталса, олар туралы ақпарат базадан өшіріледі. Содан соң, мұндай азаматтар екпе алуы тиіс болады. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты.


«Жалған вакцинациялау паспортын алған азаматтар анықталып, бұл тергеумен толық дәлелденсе, онда орталық базада оның вакцина алғандығы туралы ақпарат жойылады, және оларға екпе салуға рұқсат етіледі. Вакцина салдырған соң олар нақты дерек бойынша базаға енгізіледі», — дейді ол.