«Жақсылық жасап жарысайық»

«Алғыс айту –адамгершіліктің белгісі. Бір –бірімізге әрдайым ризашылығымызды білдіріп, жақсылық жасайық!»

Тәрбие – тал бесіктен басталады. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие мекемесінде беріледі. Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыра білуінде. Тәрбиенің түп-тамыры – әдет-ғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, достық қарым-қатынасты нығайтып, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, қоршаған ортаға жанашырлыкпен карап, жақсылық жасауға тәрбиелеу. Алғыс айту күні әр жыл сайын үлкен құрметпен атап өтіледі. Бұл күні ең бастысы – бір-бірімізге деген құрмет, сыйластық көрсету. Тек сөзбен емес, іс жүзінде көмек қолын созып, бір-бірімізге жақсылық жасау. Қарағанды қаласы КМҚК «Бақыт» бөбекжай ұжымында «Жақсылық жасауға асығыңыз» атты қайырымдылық акциясы өтті. Ораза айымен тұспа-тұс келген Алғыс айту күніне арнайы ұйымдастырылған акцияға бөбекжай  ұжымы, балалар  және ата-аналар белсене катысты. Бұл күні барлық адамның  бір-біріне деген қамқорлық пен сыйластықтары, мейіріммен жасаған қайырымды істері, қуанышқа толы жылы сөздері, жүрекке қуаныш сыйлады. Бөбекжай мұқтаж  жандарға, жалғызбасты аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз да болса көмек қолын созып, көмек көрсетті. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Білім мен тәрбие берген бөбекжай ұжымынның барлық кызметкерінің  ерен еңбектері үшін, бөбекжайдағы коғамдық жұмыстарға белсене араласып, қашанда жанымыздан табылып, қолдау көрсететін  ата-аналарымызға, жаста болса адамгершілік, мейірімділік, инабаттылық қасиеттерді бойына сіңіріп, бүгінде қолдарынан келгенше көмек қолын созып, жаксылық жасаудан аянбаған тәрбиеленушілерімізге Алғысымыз шексіз! Алғыс айту күні құтты болсын! Жүректеріңіз әрдайым мейіріммен қуанышқа толы болсын. Бір-бірімізге көрсеткен қамқорлық пен сыйластық ешқашан сарқылмасын, үнемі  қолдау көрсетіп жанашырлық танытатын жандардың көп болуын тілеймін. Әрқашан бірге болып, табыстарға жете берейік. Ата-анамыз бен жақын жандарымызға мың алғыс!

З.Т.НЫГЫМЕТОВА,

«Бақыт» бөбекжайының директоры,

педагогика ғылымдарының магистрі