Жаңа жүйе

Автомектептерге қойылған жаңа талап бизнес иелерін қанағаттандырмай отыр. Заң бойынша бұдан бұлай автомектептер 2021 жылдан бері жүргізуші куәлігін алу үшін оқығандарды жаңа жүйеде тіркеу керек. Көптің күмәніне іліккен жағдай.

Мұндай жиындар Қазақстанның көптеген қаласында өтті. Жүргізушілерді дайындау бойынша кәсіби ұйымдар Ішкі істер министрінің орынбасары қол қойған хат алды, онда барлық курсант енді «ИС Автошкола» деректер базасында тіркелетіндігі айтылған. Бұл жүйе басқа мемлекеттік деректер базаларымен интеграцияланған. Бірақ осы ИС жүйесінің әзірлеушісі жеке компания, ал қатысушылардың пікірінше, оның абыройы күмәнді.

– Біз ешкімге ештеңе қарыз емеспіз. Қазіргі уақытта бұл жеке компанияның ісі. Егер ІІМ базасында ақпараттық жүйе құрылса, автомектептер барлық деректі сол жүйеге енгізеді. Ал қазір біздің құжаттарымыз қайда кететіні, кімнің қолына түсетіні белгісіз, – деді «Диалекс» автомектебінің басшысы Ирина Биллер.

– Әрбір екінші қазақстандық алаяқтарға тап болғанын ескере отырып, біз бұл деректердің басқа жерге кетпеуі үшін ешқандай негіз жоқ деп санаймыз. Сондықтан біз барлық деректі беруге жауап бере алмаймыз, – дейді «kz international» автомектебінің басшысы Людмила Каплуновская.

Бастапқыда идея жақсы еді. Автомектептерді аяқтағаны туралы «жалған» сертификаттарды беруді болдырмау және қызметті ашық ету жағынан қолайлы болған. Сертификаттарды автоматтандырылған түрде беру туралы шешім ІІМ бұйрығымен өткен жылдың шілде айында бекітілген.

«Жүйенің міндеттеріне аналитикалық функциялар, статистикалық есеп, оқу аяқталғаны туралы куәліктерді тіркеу, автожолға қабылданар алдында оқушыларды алдын ала тексеру, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция және басқа да мемлекеттік қызметтер сапасын арттыратын функциялар кіреді», делінген ведомство ақпаратында.

Алайда, автожолдар өкілдерінің айтуынша, «ИС Автошкола» мемлекеттік ақпараттық жүйесі бұрын жойылған. Олар таңданыстарын білдіреді. Неге ІІМ жеке компанияның мүдделерін қолдайды? Сонымен қатар, автожол басшылары бұл деректер базасына қол жеткізе алмайды және курсанттардың деректерін өздері енгізе алмайды. Оларға өткен екі жылдағы барлық курсанттың жеке деректерін қағаз күйінде тапсыру міндеттелген, әрі бар болғаны бес күн беріліп отыр.

– Мен өз курсанттарым үшін жауапкершілікті өзім көтеремін, барлық құжатым заңды. Құжаттарда таңбалары бар. Неліктен қағаз құжаттарды жою керек, егер ол заңды құжат болса, – дейді жүргізушілерді дайындау бойынша кәсіби бірлестік төрағасы Сергей Миронов.

Антикоррупциялық қызметтің еріктісі Рустам Танишпеков өз мониторингін жүргізіп, жаңа «ИС Автошкола» әзірлеушісінің лицензиясы мен рұқсатнамалары жоқ екенін анықтады. Бұл компания тек өткен жылы тіркелген.

– Неліктен дәл осы компанияға жеке деректерді жинау және сақтау, есеп жүргізу міндеті жүктелген? Неліктен олардың рұқсат құжаттары жоқ? Бұл компания мемлекеттік органдардан сертификатталмаған, неге олар Е-лицензия жүйесіне тіркелмеген? Неліктен бұл манипуляциялар бәсекелестік ортада жүргізілмейді? Неліктен тек осы ұйымға ІІМ-мен жұмыс істеуге артықшылық берілген? – дейді антикоррупциялық қызметтің еріктісі Рустам Танишпеков.

ІІМ-нен ресми сұрау жіберілгеніне қарамастан, түсініктеме берген жоқ. Жүргізушілерді дайындау бойынша кәсіби ұйымдардың өкілдері әртүрлі аймақтан Астанаға жиналды. Қазіргі уақытта курсанттардың құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қағаз түрінде қабылдап жатыр, бірақ ертең оларды қабылдай ма, ол белгісіз.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,                                   

«QH»