Жүргізушілер үшін жаңашылдық
Тағы да техникалық тексеру және медициналық куәландыру. Келесі жылдан бастап такси жүргізушілерінің интернет-платформалары бұғаттала бастайды. Олар жеке тұлға ретінде тіркелмеген, ал тіркелгендер тасымалдау стандарттарына сәйкес келуге міндетті. Бұл жаңашылдық туралы жүргізушілердің өздері не дейді?
Дмитрий бұрын такси жүргізушісі қызметіне талаптың көп болғанын айтады. Ал жаңа қосымша арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі пайда болған кезде өзін жеке кәсіпкер ретінде тіркеп үлгерген. «Бұрын міндетті болған нәрселердің қазір мүлдем керексіз болып қалғанына үйрене алмай жүрміз», дейді ол.
– Жеке куәліктен бөлек қосымшада әр адамға трескод сұрайды. Мен мұны қолдамаймын. Әрине такси жүргізушілерінде адамның өміріне байланысты үлкен жауапкершілік бар. Кейде ата-аналар кішкентай балаларды отырғызып жібереді. Онымен қоса бізде жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер де көп. Бір жағынан тексерген де дұрыс, – дейді такси жүргізушісі Дмитрий Серебряков.
Егер жағдай қазірдің өзінде жүргізушілердің өздерін алаңдатып отырса, заңсыз тасымалдардың ұлғаюына байланысты жолдағы өлім-жітім оқиғаларының өсуін түсіндіре отырып, саладағы істерді ретке келтіруге және жүйелеуге шешім қабылдаған билік туралы не айту керек. Василий Климаковтың айтуынша, ойластырылмаған қатаң жүйе жақсылыққа апармайды. Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі такси жүргізушілеріне IT-технологияларды қолдана отырып, ұлттық такси жүйесін дамытуды қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу енгізілген Сингапур моделін келтіреді. Бірақ жүйе аяқталмағанына байланысты жағымсыз мысалдар да бар.
– Ең бірінші жағымсыз себеп қызметтерге деген бағаның өсуі. Адамдардың ақша табуына біраз мүмкіндіктер жабылады. Сондықтан бұл айтылғандар әрине жақсылыққа апармайды. Адамдар мен қосымшаның арасына дұрыс байланыс орнату маңызды және нақтылық керек, – дейді Қарағанды қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Василий Климаков.
Қазақстандық кәсіпкерлер мен сервистік қызметтер қауымдастығының президентінің айтуынша, таксиді реттеу ережелері жаңа емес және 2022 жылдың сәуір айында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен бекітілді. Оның пікірінше, саланы толығымен реттеу қажет.
– Келесі жылдан бастап министрлік өкілдері жаңа талаптарды орнатады. Оның ішінде жүргізушілердің тіркелуі бар, жеке кәсіпкер ретінде өзін көрсетуі бар және тағы да басқа ережелер бар. Мұның барлығы қызмет құнына әсер етеді деп толықтай айта алмаймын. Қызмет сапасын арттыру үшін жауапкершілік деңгейін көтеріп алу қажет. Себебі, такси жүргізушілері арасында асыққандықтан туындайтын ереже бұзушылықтарды жиі байқап жатамыз, – дейді Қазақстан кәсіпкерлер және сервистік қызметтер қауымдастығының президенті Ермек Әбілдин.
Спикердің айтуынша, барлық дамыған елде такси қызметтері қауіпсіздік стандарттарын сақтай отырып және автокөліктің техникалық жай-күйін бақылай отырып, сапалы жұмыс істейді. Қазақстан да осы жүйеге өтуі тиіс, бірақ талаптарды іске асыру әдісі әлі анық емес. Интернет-агрегаторлар, ІІМ мәліметтері бойынша, бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтап жатыр, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Автомобиль көлігі туралы» заңға күшіне енетін өзгерістерге сәйкес интернет-платформалардың иелері жеке тасымалдаушылар ретінде тіркелген жеке тұлғаларға ғана тапсырыстар беретін болады. Әйтпесе, интернет-платформалар тапсырыстарды алуға қажетті мүмкіндіктерді бұғаттауға міндетті болады.
Қанағат ЭДУАРДҚЫЗЫ,
«QH»