Жүрекке үкім жүрмейді
Қарағандыда АК-159/5 мекемесінде жазасын өтеуші азамат отбасын құру үшін сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады.
Темір тордың арғы жағында отырса да, ол қалыңдығына арнап бейнехабарлама түсірген. Бұл идея Сергей Цветовқа ақпан айында келген. Сергей болашақ жарын колонияға түспес бұрын кезіктірген. Лариса да сүйіктісін қандай жағдай болмасын қолдап, күтетінін жеткізді.
— Ларисамен бостандықта жүрген кезімде таныстым. Ол өте сұлу. Басымнан өтіп жатқан жайттарға қарамастан менен теріс айналмады. Ларисамен бірге жарқын болашақтан үміттімін. Мен тағы 5 жыл отыруым керек. Бұрынғы қателіктерімді қайталамаймын деп уәде беремін. Сүйіктіммен жаңа өмір бастасам деймін. Сондықтан оған шаңырақ құруға ұсыныс жасап, видеожазба түсірдім, — дейді Сергей.
Сергей бейнежазбада барша нәзік жандыларды көктем мерекесімен құттықтап, сүйгеніне арнап өз қолымен жасаған сақинасын «табыстаған».
— Сергей біздің мекемеге 2021 жылы келді. Психологиялық консультацияларда ол өзінің жеке өмірі, Лариса туралы және үйленіп өмірін өзгерткісі келетінін жиі айтатын. Табиғатынан шығармашыл, романтик жан ақпан айында сүйіктісіне ұсыныс жасауға көмектесуімізді сұрады. Әкімшілік Сергейдің бастамасын қуана қолдады. Өйткені отбасы жазасын өтеушілерді қалыпты өмірге бейімдеуде маңызды рөл атқарады, — дейді АК-159/5 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Игорь Бендерский.
Қарағанды облыстық қылмыстық- атқару департаменті