Жүрек қалауымен

Өрт сөндіруші мамандығы бедел немесе жоғары жалақы үшін таңдалмайды, керісінше. Өйткені, олар шақыртуларға барған сайын өз өмірлерін қатерге тігіп, мұны жақсы түсінген соң нақты осы кәсіпте қалғысы келгендер ғана қалады.

Қарағандылық Сырым Балпанның өртке қарсы қызметте әлі тәжірибесі көп болмаса да, ол бұл салаға жаңадан келген жоқ. 29 жастағы сержант бұл мамандыққа үш жыл бұрын келген, оған дейін байланысшы (связист) болып жұмыс істеген.

– Байланыс қызметкерінің жұмысы тыныш, моральдық және физикалық шығындарды қажет етпейді, бірақ бұл мен үшін емес – мен әрқашан адамдарды құтқаруды, оларға көмектесуді армандадым, тәуекелдерге барғым келді. Сондықтан мен тыныш жұмысты құтқарушы мамандығына ауыстыруды жөн көрдім, – дейді Сырым Балпан.

Күз өрт сөндірушілер үшін салыстырмалы түрде тыныш маусым болып саналады. Дегенмен, бұл уақытта да өрттер орын алып жатады, себебі, жылу маусымына қатысты, демалушылардың темекі қалдықтарын немесе от ошақтарын сөндірмей кету жағдайлары, дала өрттері болып жатады. Сондықтан өрт сөндіру бөлімдеріндегі күнделікті тәртіп салыстырмалы түрде тыныш – құтқарушылар құрал-жабдықтарды ретке келтіріп, теориялық білім алып, спортпен шұғылданып, үнемі сергек болып отырады. Әр минут сайын шақыртулар түсуі мүмкін және ең жоғары деп саналатын өрт қаупінің үшінші дәрежесіне ерекше назар аударылады – бұл көпқабатты үй немесе сауда орталығы өрттер.

– Басқалар үшін айтпаймын, бірақ келген хабарды естіген сайын толқып, уайымдаймын. Алғашында қорқынышты болды, қазір мен бұл сезімді басқарамын, тіпті үш жыл қызмет еткенімде де қорқынышымды жеңдім. Өрт кезіндегі әрекеттерді білесіздер, жолда да жігіттермен өртті кім қай позицияда сөндіретінін талқылаймыз, дегенмен мұндай төтенше жағдайға үйрену қиын, – дейді құтқарушы.

Сырым Балпан өз әріптестеріне ерекше рөл береді. Нәтиже команданың келісілген әрекеттеріне байланысты. Ал жолдастың уақытылы болған демеуі өмірді сақтап қалуы мүмкін. Құтқарушылар дайындықтан кейін үш айдан соң алғашқы нақты тапсырмаларын орындауға кіріседі. Бірақ тәжірибелі және аға әріптестер жастарды ешқашан қиын жағдайда қалдырмайды, олар жас мамандарды отрядтың ортасында ұстайды. Отряд командирі әрқашан алға шығады, ол отты өзіне алады, ал басқа тәжірибелі өрт сөндіруші оның соңында болады.

– Біз мұны жас құтқарушының абдырап, қорқып, дұрыс емес әрекеттер жасап, сол арқылы өзіне қауіп төндіретінін түсінгендіктен жасаймыз. Тәуекел жоғары болса, тәжірибелі мамандар жастарды шығарып, өртті сөндіруді өздері жалғастырады. Бізде әрқашан ақыл айтып, не істеу керектігін көрсететін, кез келген сәтте көмекке келетін тамаша жігіттер бар, – деп атап өтті Сырым Балпан.

Оның өзі дабыл сигналына негізделген алғашқы сапарын мәңгі есте сақтаған – ол кезде барак типтес жер үй отқа оранған. Барлығы сәтті аяқталды, зардап шеккендер жоқ, бірақ аға сержант қорқыныш пен шатасуды ешқашан ұмытпаймын дейді.

– Сол сапарда мен әрі қарай не істеу керектігін ойладым. Және ол қорқынышты жеңуге тырыстым. Кейін бұл сезімді жеңе бастадым, өйткені, бұл менің жұмысыма кедергі болатынын түсіндім, – деп еске алады өрт сөндіруші.

Бірақ адамдарды құтқарған кезде әрқашан басқа сезім пайда болады – өз жұмысына қызмет ету бекер емес, тіпті біраз уақытқа дейін өзіне және әріптестеріне деген мақтаныш сезімін сыйлайды. Бірақ содан кейін қызыл шам қайтадан жанып, дабыл қағады. Тағы да бөлім көмекке асығады.

Қызметінің қысқа уақытында жас құтқарушы алғыс хаттармен марапатталды, оның ішінде Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының ХХ халықаралық конференциясын дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін. Кім біледі, мүмкін оның өмірінде медальдар мен ордендер болатын шығар, бірақ Сырым Балпан үшін басты марапат – жерлестерін сұмдық апаттардан құтқару.

Самал АХМЕТОВА,

журналист