Жәрдемақылар мен зейнетақылар уақытында аударылады
Бүгінгі таңда әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар мемлекеттік корпорация «Зейнетақылар және жәрдемақыларды төлеу орталығымен» 15 этап бойынша екінші деңгейлі банк пен «Қазпоштаға» толық төлем аударылды. Азаматтардың жеке шотына да аударылды. Орын алған жағдайға байланысты екінші деңгейлі банк пен Қазпошта қызметі шектелді. Ал, кейбір азаматтардың жеке шетына қаржы аңдарылмай қалған болса, онда жағдай тұрақталғаннан кейін автоматты түрде аударылады. Қала, аудандардағы әлеуметтік жұмыспен қамту орталықтары мен жұмыспен қамту бөлімдері штаттық режимде жұмыс жасауда.
Елде төтенше жағдай енгізілгелі бері барлық қаржы банктерінің бәрі күнделікті жұмысын атқарып жатты. ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігімен Ұлттық банк бірлесе отырып, антитерорлық операцияның өтуіне байланысты бан қызметі уақытша тоқтатылды. Қызметті тоқтатудың басты себебі – қаржы инфрақұрылымның қауіпсіздігі. Сонымен қатар, интернеттің жоқтығынан ұялы телефондағы барлық операциялар тоқтатылған. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында алдағы 3 күндік демалыста да жұмыс істемейді. Алдағы жұмыс күнінен бастап бәрі іске қосылады, – деді Қазақстан Ұлттық банкі Қарағанды филиалы директорының орынбасары Бозтереев Бектұрған