Жұмыспен қамту

Қарағанды облысында биыл 51 мың тұрғын жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың 5 айында жұмыспен қамту шараларымен 14 мың адам қамтылды, оның ішінде 12 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Тұрғындарды жұмыспен қамту үшін «Bastau Business» жобасы аясында 1 200-ден астам қарағандылық кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Екінші жартыжылдықта жастар кәсіпкерлігін дамытуға 2,5 пайызбен 339 жеңілдетілген несие беру жоспарлануда.

– Халықты әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мақсатында ағымдағы жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы бекітілді. Осының аясында 51 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, – дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекова.

Өңірімізде мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың қамқоршыларына арналған үш жылдық жаңа жоба қолға алынды. «Террикон алқабы» IT-хабында 300-ден астам адам жаңа цифрлық мамандық иеленеді. Оқыту тегін жүргізіледі. Кеңінен қамту үшін олар адам ең көп баратын жерлерде өткізіледі. Бұл жұмыссыз және NEET жастарын тіркеуге және оларды жұмыспен қамту шараларымен қамтуға мүмкіндік береді. Қарағанды облысының басшысы Ермағамбет Бөлекбаев аудан әкімдері мен жоба әкімшілеріне жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды қадағалауды тапсырды.

– Қалалар мен аудандардың әкімдері, жобалардың әкімшілері жұмыс орындарын құруды және азаматтарды жұмысқа орналастыруды бақылауға алуы қажет. Қазір жастар үшін мүмкіндіктер жасалуда. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар сабақтастығы» жобалары сияқты бағдарламаларды біздің жастарымыз белсенді пайдалануы тиіс, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағамбет Бөлекбаев.

Жұпар ТОНТАЙТЕГІ, «QH»