«Жүктілік кезінде және босанғаннан кейін вакцинация» тақырыбында тікелей эфир өтті

16 ақпан күні акушер-гинеколог, репродуктолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, РМАТ академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология орталығының бас директоры, халықаралық репродуктология академиясының президенті Вячеслав Нотанович Локшинның қатысуымен «Жүктілік кезінде және босанғаннан кейін вакцинация» тақырыбында тікелей эфир өтті. Тікелей эфир барысында жүкті әйелдерді және босанған әйелдерді вакцинациялау бойынша өзекті сұрақтарға жауап берілді.