Зерттеуге қатысушылардың 54% өздерін қаржылық сауатты деп есептейді
Қазақстандықтар өздерінің қаржылық сауаттылық деңгейін қалай бағалайды және жеке қаржыға қалай қарайды, неге қаржылық сауаттылықтың жоғары деңгейі азаматтардың өздері үшін ғана емес, сондай-ақ бизнес үшін де маңызды – осы сұрақтарға арналған жауаптар «Робокэш.кз» МҚҰ зерттеуінде (Займер бренді).
«Робокэш.кз» МҚҰ-ның зерттеуі (Займер бренді) 18 бен 65 жас аралығындағы клиенттер арасында өткізілді. Оның нәтижелеріне сәйкес, қызметті пайдаланушылардың 54% өздерін қаржылық сауатты деп санайды, 46% осы салада қосымша білім алу қажет деп есептейді. Бұл ретте, өздерінің қаржылық сауаттылығына күмәнданатын респонденттердің көпшілігі 36-45 жас тобының қатарында, ал 18-35 жас аралығындағы азаматтардың көпшілігі өз білімдеріне сенімді.
Айта кететін бір жайт, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі, дәлірек айтатын болсақ, 60% шығыстар мен кірістердің есебін үнемі жүргізіп отырады, сонымен қатар басқа келесі қаржылық дағдыларды қолданады: олар шығындарға жауапкершілікпен қарайды, инвестициялауға тырысады, қаржылық мақсаттарды қалыптастырады және т.б.
Сонымен бірге, 25% қаржылық бюджетті қадағаламайтындықтарын хабарлады. Қалған 15% өздерінің қаржылық тәртіптерін жақсарту қажет екенін хабарлады.
Бұл ретте респонденттердің 35% қаржылық жастықшалары бар, азаматтардың 39% ешқандай жинақтары жоқ және әзірге жинауды жоспарламайды, 26% түскен табыстан жинаққа белгілі бір соманы бөлуді бастау туралы ойларын мойындады.
Қатысушылардың 80% астамында қазіргі уақытта қолданыстағы кредиттері бар (банктік кредит, микрокредит, ипотека немесе автокредит). Сонымен қатар, азаматтардың тек 50% ғана әртүрлі қаржылық қызметтерді жеңіл түсінеді, 40% кейбір өнімдерді бағдарлай алатындықтарын айтты, ал қалған 10% қаржылық өнімдер мен қызметтердің қалай жұмыс істейтінін нашар түсінеді.
Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (75%) әртүрлі дәрежеде қаржылық күйзеліске немесе мазасыздыққа сезінеді. Сауалнамаға қатысқандардың 32% күйзеліс қалпының бар екенін айтты, 11% өздерінің қаржылық жағдайына тұрақты түрде алаңдайды. Респонденттердің 21% әлсін-әлсін қаржылық мәселелерге тап болады. Азаматтардың 25% қаржылық күйзеліс пен мазасыздықты мүлдем сезінбейді.
Клиенттердің қаржылық сауаттылығы кредиттік ұйымдардың қызметінде шешуші рөл атқарады, бұл клиенттердің әл-ауқатына ғана емес, сонымен қатар тұрақтылыққа, өзара әрекеттесу сапасына және компанияға деген сенім деңгейіне де ықпал жасайды, дейді «Робокэш.кз» МҚҰ-ның бас директоры (Займер бренді) Алмаз Торутаев.
«Қаржылық сауаттылық клиенттердің әл-ауқатына ғана емес, компанияның тұрақтылығына да ықпал етеді. Клиенттердің саналы мінез-құлқы тәуекелдер деңгейін төмендетуге және адалдықты арттыруға ықпал жасайды. Сондықтан біз үшін қаржылық қызмет көрсететін ұйым ретінде сервистер мен өнімдердің сапасын жақсарту үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қаржылық сауаттылық саласындағы құзыреттерін дамыту үшін клиенттеріміздің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін түсіну маңызды», — деп түсіндірді Алмаз Торутаев.
«№1 қаржылық сауаттылық мектебінің» директоры, жеке қаржы жөніндегі сарапшы Акжунис Брасилова МҚҰ клиенттерінің қаржылық сауаттылығы жауапты кредиттеудің негізі екеніне сенімді.
«Қаржылық сауаттылық — бұл жай ғана білім емес. Ең алдымен, бұл сіздің қаржыңызды басқаруда саналы шешімдер қабылдау және ақшаға, оның ішінде кредиттерге жауапкершілікпен қарау қабілеттілігі. Менің ойымша, МҚҰ мен банктер үшін олардың клиенттері қандай міндеттемелер қабылдайтынын, бұл олардың бюджетіне қалай ықпал жасайтындығын және өз мүмкіндіктерін қалай дұрыс есептеу керектігін түсінуі маңызды», — деп атап өтті Акжунис Брасилова.
Сарапшының пікірінше, жеткілікті қаржылық сауаттылыққа ие адамдар өздері үшін қолайлы кредиттеу шарттарын таңдай алады. Олар сондай-ақ кредиттерді өтеу бойынша міндеттерін бұзуға бейім болып табылмайды, өйткені мұндай әрекеттердің қандай салдарларға әкеліп соғатындығын жақсы түсінеді.
Қорытындысында, маман азаматтар өз қаржысын қалай басқаруға болатындығын неғұрлым жақсы түсінген сайын, қаржы нарықтары соғұрлым тұрақты болып, экономиканың тұрақтылығы арта түсетінін атап өтті. Осылайша, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мемлекет пен бизнес үшін де, басқа салалардағы даму үшін де маңызды және қажет.