Қызылшаның алдын алу

Қызылша – көбінесе балалар ауыратын,  өте жылдам таралатын вирустық жұқпалы аурулардың бірі.  Қызылша дене қызуының 38-40°C дейін көтерілу, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады.

Егер бұрын қызылшамен ауырмаған және қызылшаға қарсы екпе алмаған адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі   жоғары. Сол үшін де екпе алу мерзімін қатаң сақтау және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу өте маңызды.

 

Алғашқы белгілері

Инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 21 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт – ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен: дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуімен басталады. Кейін  конъюктивит (көздің шырышты қабығының қабынуы), сонымен қатар беттің шырышты қабығында ұсақ ақ дақтар пайда болады.

 

Таралу жолдары

Инфекция ауа арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген, жөтелген, түшкірген кезде түкірікпен бөлінеді. Вирустың тез тарайтыны соншалық, сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлар да белгілі. Инфекция көзі – ауру адам. Ол айналадағыларға инкубациялық кезеңнің 2-ші күні, бөртпелер шыққаннан кейінгі 4-ші күнге дейін қауіпті. Ал 5-ші күні бөртпелері бар адам ауруды жұқтырмайды деп саналады. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және  кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

Инфекция көзі – төртінші күні бөртіп ауырып жүрген адам. Бесінші күннен бөртіп жүрген адамнан жұқпайды.    Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда  өмір бойы ауруға шалдығу қаупі кез-келген жаста болады.

 

Асқынудың салдары

Ең көп тараған түрі құлақтың қабынуы (отит), соқырлық, бронхты пневмония, мойын лимфотүйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит. Қызылшаның өршуін байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек. Бұл уақытылы диагноз қойып, ем тағайындау және ұйымдастырылған ұжымда тіркелген жағдайда профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін маңызды.

 

Қызылшаның алдын алу жолдары

Қазіргі таңда қызылша ауруымен күрес және алдын алу, осы аурудың асқынуынан сақтану ол-вакцинация екенін ұмытпаған жөн. Қызылшадан вакцинация арқылы қорғануға болады.  Қызылшаға қарсы вакцинаны ойлап шығару – бұл медицина ғылымының үлкен жеңісі. Қызылшаға қарсы  егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпені салу бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста болғанда жүргізіледі.
Қызылша, қызамыққа және паротитке (ҚҚП) қарсы екпе бұл аурулардан сақтайды!  ҚҚП екпесі қауіпсіз.

 

Құрметті ата-аналар!

Қызылшаға қарсы вакцинация сізді және сіздің балаларыңызды аурудан қорғайды және болашақтағы дені сау ұрпақтың кепілі.

Жоспарлы екпеден бас тарту тек өзіңіздің ғана емес, басқа да балалардың өміріне қауіп төндіреді!

Екпе барлық халыққа бірдей тегін және қол жетімді! Егілуден бас тартпаңыздар, егілудің арқасында өздеріңізді және жақындарыңызды, балаларыңызды  жұқпалы аурудан сақтайсыздар.

Ж.Ж.БЕРКІМБАЕВА,

Қаарағанды қаласы

Қазыбек би атындағы ауданының

СЭББ бөлім басшысы