Қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары түсіндірілді

Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Ағымдағы жылдың шілде айында Қарағанды облыстық гарнизонының әскери полиция бөлімі қызмет көрсетілетін гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінде қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Осылайша, лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен әскери бөлімдердегі атыс қаруы мен оқ-дәрілердің болуын және жай-күйін тексереді, сонымен қатар, атыс практикасы кезінде, сондай-ақ тәуліктік кезекшілікті өтеу кезінде әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамының атыс қаруы мен оқ-дәрілерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шаралары жеткізіледі. Сонымен қатар, барлық санаттағы жеке құрамның назарына қаруды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, заңсыз дайындау немесе алып жүру және тағы басқа қылмыстық заңнаманың талаптары түсіндірілді.


« -«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Осы мақсатта Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімі мұндай іс-шараларды жиі өткізіп тұрамыз. Оқтаулы қару атылмай қоймайды. Бірінші орында қызметкерлердің қауіпсіздігі тұрады. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бекітіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі» — деп атап өтті өз сөзінде, Қарағанды өңірлік гарнизоны Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Жарқынбек Молдаханов.