Қызмет сапасы сын көтермейді
Қазақстандықтар байланыс пен интернет қызметі үшін Ресей және Украина тұтынушыларына қарағанда екі есе қымбат төлейді. Алайда, құны қалтақағар қымбат қызметтің сапасы сын көтермейтіні шындық. Тарифіне теңге ілесе алмай тұрған байланыс турасында қарағандылықтар не дейді?
Ресейде 3 мың теңге, Украинада 2,7 мың теңге, Қырғызстанда 5,9 мың теңге, Қытайда 5,9 мың теңге, Өзбекстанда 6,3 мың теңге, Грузияда 8,5 мың теңге, Чехияда 10 мың теңге, Арменияда 10,4 мың теңге, Ұлыбританияда 19,6 мың теңге және АҚШ-та 34,1 мың теңге.
Қазақстандықтар интернетке көрші елдердің тұрғындарына қарағанда екі есе көп ақша жұмсайды. Егер байланыс бағасын салыстыратын болсақ, жоғарыда аталған елдердің ішінен Өзбекстандағы ең қолжетімді тарифтік жоспар 10 Кб+ және қоңыраулар – 1,9 мың теңге. Бір қызығы, Қазақстандағы интернет Ресей мен Украинаға қарағанда екі есе қымбат. Жергілікті нарықта ADSL және кабель арқылы шексіз деректер айына орта есеппен 6,1 мың теңгені 60 Мбит/с+ құрайды. Алайда, қарағандылықтар мобильді интернеттің де, желінің де қаламызда дұрыс ұстамайтындығын айтады. Қазақстанның 20 ірі қаласында Мемлекеттік радиожиілік қызметімен бірлесе отырып, интернет әлсіз немесе мүлдем жоқ 350 жер анықталды. Операторлар мұны базалық станцияларды орнатудың күрделілігі мен қымбаттығымен түсіндіреді. Көбінесе тұрғындар радиофобияға байланысты оларды шатырға орнатуға рұқсаттарын бермейді.
– Шынымен әлсіз сигнал, бұл жағдайда біз Министрлік ретінде құқығымыз бар, егер қызмет дұрыс көрсетілмесе, біз байланыс операторына нашар байланыс сапасы үшін айыппұл сала аламыз. Даму желілерін жоспарлау арқылы олар толығымен өз бетінше айналысады, – дейді Телекоммуникация комитетінің сымсыз байланыс жобаларын мониторингілеу және дамыту басқармасының бас менеджері Азамат Серіктаев.
Байланыс қызметтерін тиісінше көрсетпегені үшін айыппұл сомасы – 1 500 АЕК. Бұл шамамен 5,5 миллион теңге. Бірақ операторларға проблеманы алдын алудан гөрі төлеу қолайлы сияқты. Ұялы байланыс және интернет қызметтерінің тарифтері 2017 жылдан бастап мемлекет тарапынан реттелмейді. Операторлар оларды өз қалауы бойынша бекітеді.
– Басқа елдермен салыстырғанда біз цифрландыру деңгейі бойынша және тұтастай алғанда өркениетті, дамыған елміз. Жақында рейтингтер шықты, онда біз 193 елден инфрақұрылым деңгейі бойынша өте жақсы орындарға жеттік. Бүгінгі таңда мобильді интернет деңгейі бойынша Қазақстан Жапониядан екі позицияға озып тұр. Бұл статистикалық деректер, – деп атап өтті Азамат Серіктаев.
Өткен жылы бір мезгілде барлық ұялы байланыс операторы өз қызметтерінің бағасын көтерді. Монополияға қарсы ведомствода біз олардың арасында сөз байласу болды ма, жоқ па деген сұрағымызға жауап ала алмадық. Бұған дейін бұрынғы цифрлық даму министрі Қазақстанда арзан тарифтер бар, ал тұрғындар интерентті тым белсенді пайдаланады деп мәлімдеген болатын.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»