XXXIII жазғы Олимпиада ойындары
26 шілдеде Парижде XXXIII жазғы Олимпиада басталады, ол 11 тамызға дейін жалғасады. Франция астанасында жарыстың басталуын әлемнің 206 елінен 10 500 спортшы күтеді, 329 марапат жиынтығы ойнатылады. Төртжылдықтың ең маңызды стартына Қазақстаннан 80 спортшы қатысады.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Zoom арқылы облысымыздың атынан еліміздің ұлттық құрамасына кірген Олимпиада ойындарының қатысушылары: Ксения Игнатовамен (жүзу), Данил Мұсабаевпен (батут гимнастикасы), Давид Ефремовпен (жеңіл атлетика) және де паралимпиадашылар: Дастан Мұқашбековпен (паражеңіл атлетика) және Даяна Федосовамен (парадзюдо) кездесіп, спортшыларға сәттілік тіледі.
– Олимпиадаға қатысу – үлкен жауапкершілік. Сіздердің әрқайсыларыңыз бар күш-жігеріңізді салып, елімізді олимпиадада лайықты түрде таныстыратынына сенімдімін, ал қарағандылықтардың қолдауы жеңіске ынталандырады! Барлығымыз сіздерге қолдау көрсетеміз, нәтижелерді күтеміз. Мен сіздермен көңіл-күйлеріңіз туралы және төртжылдықтың ең маңызды стартына қаншалықты дайын екендеріңізді білу үшін кездесіп отырмын, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары барлығының көңіл-күйі көтеріңкі екенін, лайықты орындар үшін күресуге дайын екенін атап өтті. Олимпиадалық базада олар үшін жаттығулар мен тұру үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
– Дайындықтыр қызу жүріп жатыр. Біз қазір Олимпиада базасындамыз, мұнда барлық жағдай жасалған, тамақтану да жақсы ұйымдастырылған., – дейді батутшы Данил Мұсабаеватың жаттықтырушысы Сергей Вертянкин. – Қолдау көрсетіп жатқандарыңыз үшін рақмет!
Жүзуші Ксения Игнатова небәрі 18 жаста. Ол қазірдің өзінде ересектер арасындағы Әлем, Азия чемпионатына қатысып, екі континенттік рекорд орнатты. Ксенияның жаттықтырушысы – Станислав Осинский.
– Менің көңіл-күйім керемет! Мен өзімнің ең жақсы нәтижелерімді көрсетуге дайынмын, елді және, әрине, бізді әрдайым қолдайтын және барлық жағынан көмектесетін облысымызды мақтанышпен таныстыруға дайынмын. Бұл спортшылар үшін өте маңызды. Мен соңына дейін күресетін боламын, – деп атап өтті Ксения өз сөзінде.
Жазғы Олимпиада аяқталғаннан кейін Париждегі спорт алаңдарында 28 тамызда XVII Паралимпиада ойындары басталады, оған Қазақстан ұлттық құрамасының құрамына біздің облыстың екі парапортсмені – паражеңіл атлетші Дастан Мұқашбеков пен парадзюдошы Даяна Федосова қатысады.
Ермағанбет Бөлекпаев паралимпиадашылармен де сөйлесіп, оларға ойындарда жеңіс тіледі.
– Біз әлі дайындық үстіндеміз, дзюдодан әлі үш алдын ала оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Парижге 2 қыркүйекте ғана ұшамыз, дайындалуға әлі уақыт бар. Бүгінде Парижде жүрген барлық олимпиадашыға үлкен табыс пен сәттілік тілеймін! 3 жыл бұрын 2021 жылы Токиоға бардым, ол кезде мен жаттығуды енді ғана бастап жатқан едім, квота алып, Паралимпиада ойындарын тамашаладым. Бұл жолы мен лицензия алдым және өте лайықты нәтиже көрсетемін деп үміттенемін. Үш жыл қарқынды дайындықпен өтті, осы үш жылдың ішінде мен жақсы жетістіктерге қол жеткіздім және Олимпиадада үш жылдағы барлық жетістігімді растап, ең жақсы нәтиже көрсетіп, елге медаль алып келемін деп үміттенемін, – дейді пен парадзюдошы Даяна Федосова.
Құралай ӘЛЖАППАР, «QH»