Волейбол турнирі: Сағыновқа тағзым, жеңімпаздарға құрмет
Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ спорт кешенінде Қарағанды қаласының ЖОО профессор-оқытушы құрамы арасында волейбол турнирі өтті. Шара академик Әбілқас Сағыновтың 110 жылдығына арналды.
Жарысқа 8 команда қатысты: ҚарТУ мен ҚарТУ ардагерлері, ҚарУ-1 және ҚарУ-2, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚазКҚДИ, Медицина университеті, ІІМ КА құрамалары.
Турнир нәтижесінде ҚарТУ ардагерлері бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға ҚазКҚДИ командасы жайғасса, үшінді орында Қазақстан халқы Ассамблеясы командасы.
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.
Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ баспасөз қызметінің ақпараты негізінде