Вирустар қарқын алды
Вирустар маусымы қызып тұр. Қазан айында басталған эпидмаусымнан бері Қазақстанда ресми түрде 1 миллион 157 мың жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы және тұмаудың 48 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта қандай вирустар қарқын алып тұр, елімізде оларды бақылау қалай жүргізілуде және дәрігерлер не дейді?
Елімізде эпидемиологтардың айтуынша, ел вирустарға бақылау жасауда көптеген елден озық тұр. 9 облыста эпидемиологиялық бақылау жүзеге асырылды – санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметкерлері поликлиникаларда жұмыс істеп, учаскелік дәрігерлермен бірге науқастарды қабылдайды. Қалған облыстарда ауру деңгейініне мониторинг жүргізіледі, сонымен қатар медициналық мекемелер кесте бойынша науқастардан биологиялық материалдарды алып, оларды коронавирус, тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекциялар бойынша зерттейді. Қазіргі таңда Қазақстанда шошқа тұмауы – А1 штаммы айналымда.
– Негізінен жедел респираторлық вирустық инфекциясы айналымда. 33% жағдайда тұмауға ұқсас аурулар анықталды. Олардың арасында риновирус пен парагрипп басым. Құс тұмауы біздің елде тіркелмеген, – деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байғұтанова.
Қарағанды облысы – бұл сынақтар иммунитетке тексерілетін жалғыз аймақ. Зерттеулер нәтижесінде 96% ересектерде А3 тұмауына иммунитет бар, 93%-ы А1 тұмауына қарсы иммунитетке ие. Балаларда бұл көрсеткіш 90%. Дәрігерлер аурушаңдықты қаңтар айының соңына және ақпан айының басында күтуде. Дәрігерлердің айтуынша, вирустардан қорғанудың кеңестері бәрімізге белгілі. Иммунитет қалыптастыратын дәрілер жоқ. Тек тұмауға қарсы вакциналар бар. Сондықтан бірінші кеңес – ауру адамдар болуы мүмкін көпшілік орындардан аулақ болу. Витаминдерді дәрігердің ұсынысынсыз ішпеу керек, әйтпесе өзіңізге зиян келтіруіңіз мүмкін. Егер ауырып қалсаңыз, соңғы ұсыныс: көп су ішу.
– Вирус сіздің клеткаларыңызға кіріп, онда көбейіп, сізді өзіне орта ретінде қолдануға тырысады. Ол сізді жейді, көбейеді және сіздің ағзаңызды өзіне тағам етеді. Ағзамыз бұл шабуылға әдетте иммунитеттің қалыптасуымен жауап береді, ол иммундық жасушаларды өндіреді, олар вирус пен бактерияларды бұзып, жояды. Адам ауруға шалдыққан кезде оған денсаулығын қолдауға қажетті ресурстар қажет. Бұл – зат алмасу процестері, олар иммуноглобулин мен басқа қорғаныш клеткаларын шығарып, жазылуға көмектеседі. Осы кезде ағзадағы су мөлшері өте маңызды, – дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының балалар ауруларын интеграциялы басқару жөніндегі штаттан тыс үйлестірушісі Полина Слугина.
Имбирь мен сарымсақ туралы дәрігерлердің пікірі әртүрлі, өйткені фитонцидтер шырышты қабықтарды тітіркендіреді, оларды аздап өткізгіш етеді, осылайша ағзаның қорғаныш механизмдерін төмендетеді. Ауру кезінде азық-түлік тұтынудың қажеті жоқ деген ескі кеңестер де, қазіргі таңда өзекті емес.
Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ,
«QH»