“Вакцинация против Covid-19 детей беременных и кормящих мам» атты онлайн кездесу өтті

Бүгін а.ж. 16 қараша күні Қарағанды қаласының мәслихат депутаты, «Қарағанды қаласының №3 емханасы» КМК басшысы Буранкулова Сания Нуртасовнаның бастамасымен “Вакцинация против Covid-19 детей беременных и кормящих мам» атты онлайн кездесу  @saniyabur инстаграм парақшасында өтті. Кездесу барысында екпенің қажеттілігі, мерзімі, дәрігерлердің екпе кезіндегі іс-әрекеттері, балаларға Covid-19 қарсы екпе, Prizer екпесі туралы түсініктемелер берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу Барлығы 105 адам қатысты.