Цирк әлемі

Цирк әлемінің абызына айналған Гертнерлер отбасы Қарағандыда! 400 жылдан бері осы саланы бағындырып келе жатқан өнерпаздар қала тұрғындарына естен кетпес шоу көрсетуде. Оның ішінде жолбарыстар және түйелерде бар. Жермен көкте қатар өнер көрсететін кеш, ел көңілінен шығуда.

«Пілдегі жолбарыс» атты ерекше аттракцион көрермендердің таңданысын тудыратыны анық. 4 тонна салмақты Бэйба есімді піл аң аулаушы жыртқышпен дерлік достасып кеткен. Мұндай сенімділік көпжылдық тәрбие мен жануарларға күтім жасау нәтижесінде қалыптасады, дейді бесінші ұрпақтың аңдар бапкері Алекс Гертнер.

– Олар бірге жүріп, бірге өскен. Мәселен, біз жолбарысты күшік кезінде асырап аламыз, себебі, бір-біріне үйреніп кету үшін. Әйтпесе қиын. Ал негізі екеуі бір жерден тамақ ішіп, бір жерде жатады. Соның арқасында екеуі дос. Осылайша біз көрермендерге керемет шоу көрсетеміз, – дейді жаттықтырушы Алекс Гертнер.

Гертнерлер отбасы алдымен тек акробат өнерімен таңыла бастаған, бірақ әулеттің бір мүшесі Үндістанға барып пілдердің ерекше мүмкіндігін көрген. Осылайша әлемге танымал бапкерлер пайда болды. Жануарлармен жұмыс істеу тек шеберлікті ғана емес, үлкен сабырлықты да талап етеді. Осылайша, ақ астрахань түйелерімен тағы бір аттракцион жасалды, олар манежде шөл даладағыдай қадам басады. Қазір бұл номерді цирк бапкері Гертнер бақылауда ұстайды. Цирктің тағы бір мүшесі өнерпаз шоуда акробат былайша айтқанда, жанглер болып қызмет істейді. Бір өзі ғана емес топтық жүйеде өнер көрсететін Әсем тек көкті бағындырып қана қоймай, жанды дауыста ән салатын көрінеді. Бұл номерді олар 6 ай бойы дайындаған. Өзінің айтуынша шоу цирк дью солей тәрізді шынайы әрі еш боямасыз екен.

– Трюктарымыз бар, шоу көрсетіледі және де актерлік шеберлік. Біздің нөмірдің қиыншылығы, әдемілігі осында. Бұл нөмірді біз, алты ай дайындадық. Әрине ол басында реквизиттерді дайындау керек болды. Авторлық трюктарды қостық, – дейді астаналық цирк әртісі Әсем Елубаева.

Айта кету керек, Әсем өнер көрсететін топ Венгрия, Болгария, Беларусь және Татарстан көрермендерін жаулап алған. Мұнда сенім, дәлдік және командалық жұмыс айқын көрінеді. Тіпті бірнеше рет түрлі цирк фестивальдерінің жеңімпаздары атанған. Жалпы Евроцирк Қарағандыда 12 қаңтарға дейін болады. Көрермен ретінде келемін десеңіздер, әр демалыс сайын цирк есігі ашық.

Жұпар АМАНБАЕВА,                                     

«QH»