Цифрландыру және халықпен диалог – Президент кеңесшісі Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Кездесу Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында өтіп, халықпен диалогты дамытуға, цифрландыруды қолдауға және жергілікті биліктің рөлін күшейтуге бағытталды.

Бағдарлама аясында Абай және Шет аудандарында тұрғындармен, жастармен, ауылдық округтердің әкімдерімен, кәсіпкерлермен және білім беру саласының өкілдерімен кездесулер өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары – азаматтарды басқару үдерісіне тарту, билікті орталықсыздандыру және ел дамуының қозғаушы күші ретінде цифрландыру болды.

Шет ауданында нақты нәтижелер таныстырылды: инвестиция көлемі 48 млрд теңгеден асты, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 127 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығын цифрландыру, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғын үй құрылысы салаларындағы жетістіктер ерекше атап өтілді.

Абай ауданында кездесу Мәдениет үйінде өтті. Мұнда тұрғындар, қоғам белсенділері мен жергілікті билік өкілдері Жолдаудың басым бағыттарын талқылауға белсенді қатысты. Топар кентінің тұрғыны Айнаш Аскартегі өз авторлық кітабын Мәлік Отарбаевқа сыйға тартты.

Ерекше назар жастарға аударылды. Қарағанды индустриялық университетінде өткен кездесуге 350-ден астам студент қатысты. Цифрлық экономиканың кадрларын даярлау, IT-саланы дамыту және жасанды интеллектті енгізу мәселелері қаралды. Жастар инновациялық үдерістерге белсене атсалысуға дайын екендерін білдірді.

Сонымен қатар ауылдық округтер мен кент әкімдерімен жеке кездесу өтті. Онда Жолдаудағы тапсырмаларды жергілікті деңгейде жүзеге асыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, логистика мен заманауи сервистерді жетілдіру мәселелері талқыланды. Мәлік Отарбаев цифрландырудың жай ғана үрдіс емес, экономиканы және басқару жүйесін өзгертетін ұлттық идея екенін атап өтті.

Сапар қорытындысында өңірлерді дамыту бойынша алдағы қадамдар талқыланды. Негізгі назар – адамға, оның әл-ауқатына, ел өміріне қатысуына және өмір сапасын арттыруға бағытталды.

22 қазан 2025

Жай ғана мамандық емес – жан қалауы мен жүрек ісі: Қарағанды облысында әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

22 қазан 2025

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында сұрыптау желілері бар бес жаңа қоқыс полигоны салынады

22 қазан 2025

Қарағанды облысының 600-ден астам жас көшбасшысы SARYARQALAB: AQYL.DAMU.QADAM форумында бас қосты

22 қазан 2025

Қарағандыда сегіз елден келген 400-ге жуық жас боксшы қолғап түйістірді

22 қазан 2025

Қаржылық сауаттылық және қарыздан шығу жолы: «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы кімге және қалай көмектеседі