Қ.Тоқаев Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.
Мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді.


Сонымен қатар Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевқа газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Аталған жоспарда ресурстық базаны кеңейту, еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған. Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыру және Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді.