“THE PLANET OF ART 2023” халықаралық фестивальінің ережесі
Байқау ұйымдастырушылары: Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы.
Қолдаушылар: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту Министрлігі, Облыс әкімдіктері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясы, Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ЮНЕСКО Ассоциациялары мен Клубтарының Федерациясы, Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО Клубтары және қатысушы-мемлекеттер мен басқа да серіктестер.
Мақсаты: дарынды жас орындаушыларды анықтауға және қолдауға, олардың шығармашылық әлеуеттерін қалыптастыруға және «әлем мәдениеті» тұжырымдамасы негізінде фестивальге қатысушылар арасындағы достық байланысты нығайту арқылы мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамытуға бағытталған.
География: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, және Өзбекстан.
Қатысушылар: Фестивальге 12 жастан 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар мен жасөспірімдер арасынан жеке орындаушылар шақырылады.
Іс-шара БҰҰ жариялаған Халықаралық бейбітшілік және іс-қимыл жылын мерекелеу аясында өтеді.
Міндеттері:
• Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан мемлекеттерінің шығармашыл жастарын қолдау және дамыту;
• шалғай өңірлерден және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан балалардың шығармашылық әлеуетін көтеру;
• мәдениет пен өнер арқылы бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттау;
• балалар және жасөспірімдер шығармашылығын дәріптеу және әр түрлі мемлекеттердің жас орындаушылары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту;
• мәдени өзді-өзін танытудың алуан түрлі формасын ынталандыру және оның ұлттық деңгейдегі маңыздылығын көтеру;
• фестивальге қатысушы-елдер халықтарының материалды емес мәдени мұрасын сақтау;
• мәдениетаралық диалог пен өзаратүсіністіктің қазақстандық тәжірибесін көтеру;
• қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, сонымен қатар әрбір қатысушы өзінің орындаушылық қабілеттерін, дағдыларын, даралығын көрсетуге мүмкіндік алады;
• тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлікті арттыру;
• жетекші өнер және мәдениет қайраткерлерін балалармен жұмыс істеуге жұмылдыру;
• ұлттық өнер мен шығармашылықты халықаралық аренада дәріптеу;
• Қазақстанның бастамаларын халықаралық ұйымдарда ілгерлету және қолдау;
• жастардың шығармашылық әлеуетін көрсету арқылы халықаралық қоғамдастықтың назарын Қазақстанға аударту;
• Фестивальге қатысушы-мемлекеттердің шығармашылық әлеуетін нығайту;
• ЮНЕСКО-ның Клубтық қозғалысын қалың жұртшылық арасында насихаттау және танымал ету;
• фестиваль қатысушыларының ұлтаралық деңгейдегі өзара әрекеттесуі.
КЕЗЕҢДЕРІ:
2023 жылдың 1 ақпан – 15 наурыз аралығы — қатысушыларды Фестивальдің іріктеу кезеңіне тіркеу;
2023 жылдың 17 наурыз – 9 мамыр аралығы — Қазақстанның 17 облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық іріктеу кезеңдерін және
халықаралық онлайн-іріктеуді өткізу;
2023 жылдың 25 мамыры — Фестиваль финалисттерінің тізімін жариялау;
2023 жылдың 1 маусым – 20 тамыз аралығы — Фестивалді өткізуге қатысушыбалалармен дайындық кезеңі;
2023 жылдың 21 тамызы – 3 қыркүйек аралығы — Павлодар қ. және Астана қалаларында
Фестиваль финалын өткізу;
2023 жылдың 30 тамызы, 2 қыркүйек — “The Planet of ART 2023” Фестивалінің Галаконцерттерін өткізу.
ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
• Фестивальге қатысу ешбір жарнасыз жүзеге асырылады (тегін);
• Байқауға тіркеле отырып, қатысушы осы Ережеде көрсетілген фестивальдің барлық ішкі ережелері мен шарттарын, сондай-ақ Павлодар және Астана қаласында өтетін финалға қатысу уақытында финалистер мен жеңімпаздарға, олардың жетекшілеріне қойылатын талаптармен келісетіндігін растайды.
• Қатысушылар ұсынған барлық жеке және/немесе басқа да ақпарат шынайы, нақты болуы керек және қандай да бір адастырушылық сипатта болмауы керек;
• Үміткерлер байқауға қатысу үшін нақты емес немесе жалған ақпарат ұсынған жағдайда, Ұйымдастырушылар үміткерді жалпы іріктеуден шеттетуге құқылы;
• Байқауға қатыса отырып, тіркелу формасы негізінде ата-анасы мен қамқоршысының атынан толтырылған өтініш арқылы, үміткер өзінің жеке деректерін, іріктеу кезеңі мен
фестиваль барысында жасалынған оның сурет және бейнероликтерін Ұйымдастырушылар мен олардың серіктестіктерінің, сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қолдануына келісетінін
мақұлдайды;
• Фестивальдің іріктеу кезеңіне қатысу үшін әрбір үміткер міндетті түрде онлайн-тіркеуден өтуі қажет:
Тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіздер (2023 жылдың 15 наурызына дейін): https://forms.gle/DuZs71RE2HDLrLXG8
• Қатысушылар фестивальге тіркеліп болған соң, Ұйымдастырушылар ұсынған репертуар негізінде іріктеу кезеңі үшін өздері таңдаған бағыт бойынша конкурстық нөмірді алдын ала
дайындауы қажет;
• Өзінің таланты мен орындаушылық дағдыларын көрсету үшін қатысушылар белгіленген күн мен уақытта Қазақстанның 17 облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент
қалаларындағы офлайн іріктеу кезеңіне шақырылады.
*Интернетке қолжетімділігі және облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілетін іріктеу кезеңіне қатысу мүмкіндігі жоқ қатысушылар Фестивальдің ұйымдастырушыларына жүгіне алады:
тел.: +7 700 394 32 32, +7 700 394 32 32, art.kazfuca@gmail.com.
Фестивальге қатысу өтінімдері келесі 3 негізгі бағыт бойынша қабылданады:
• Вокал;
• Аспаптық жанр;
• Хореография.
ВОКАЛ БАҒЫТЫ
Джаз және эстрадалық вокал стилінде орындайтын жеке орындаушылар ғана қатыса алады.
Қазақстан азаматтарына арналған сілтеме (2023 жылдың 15 наурызына дейін): https://forms.gle/DuZs71RE2HDLrLXG8
*халық әндерін орындаушылар ұсынылған тізімнен эстрадалық немесе кроссовер стиліндегі бір әнді таңдап, орындау арқылы қатыса алады.
Талаптары:
1. Ең алдымен, Фестивальдің іріктеу кезеңіне қатысу үшін келесі шығармалар тізімімен танысу қажет:
https://drive.google.com/drive/folders/17UD_m7ngj6NOBNFL2yCC_gtcqQEzSLw-?usp=share_link
2. Тізімнен бір шығарманы таңдап, оның минусовкасын тауып, жеке немесе педагогпен бірге дайындалу қажет;
3. Қазақстандық қатысушылар белгіленген күні мен уақытында облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілетін іріктеу кезеңіне қатысу
керек. Міндетті түрде дайындаған шығарманың минусовкасын іріктеу кезеңіне өзімен бірге флешкада алып келу керек;
4. Байқауда тек «минус» фонограммасын пайдалануға болады, вокалистердің «плюс» фонограммасымен өнер көрсетуіне рұқсат етілмейді. Бэк-вокалдық партияларда
орындаушының негізгі партиясы қайталанатын фонограммаларды қолдануға тыйым салынады;
5. Қатысушының өзінің сахналық костюмі болуы керек, дегенмен Фестивальдің режиссерлік тұжырымдамасына сәйкес өзгеруі мүмкін.
*Ұйымдастырушылар концерт тұжырымдамасына сәйкес вокалшы-қатысушының өнер көрсету бағдарламасын бірен-саран түзетуге немесе толық өзгертуге құқылы.
*Іріктеу кезеңдерінің нақты күні мен уақыты туралы ақпарат үміткердің тіркелген кезінде анкетада көрсетілген электрондық поштасына қосымша жіберілетін болады.
Бағалау критерийлері:
Музыкалық шығарманың көркем баяндалуы; таза орындалуы;
тембрдің әдемілігі; орындау шеберлігі; орындау техникасы мен мәнері; ерекшелігі; әртістік қабілеттілігі; сахналық қойылымы; сахналық бейнесі және оның номерге сәйкес келуі;
композиция мазмұнына сай орындалуы; сапалы фонограмма.
АСПАПТЫҚ БАҒЫТ
Кез-келген аспапта ойнай алатын жеке орындаушылар қатыса алады. Тіркелуге арналған сілтеме (2023 жылдың 15 наурызына дейін): https://forms.gle/DuZs71RE2HDLrLXG8
Талаптары:
1) Ең алдымен, Фестивальдің іріктеу кезеңіне қатысу үшін келесі шығармалар тізімімен танысу қажет:
https://drive.google.com/drive/folders/1lHEahesMAT_7pG-rF5e_bFnFel3-zLGa?usp=share_link
2) Байқауда тек замануи шығармалар немесе заманауи аранжировкадағы (кроссовер) классикалық шығармаларды орындауға рұқсат беріледі;
3) Кез келген аспапта ойнай алатын қатысушылар қатыса алады;
4) Қатысушының таңдаған репертуары жасына сәйкес болуы қажет;
5) Аспаптық бағыт бойынша «плюс» фонограммасын қолдануға рұқсат берілмейді.
Қатысушылар байқауға арналған шығармаларды тек жанды дыбыспен орындаулары керек.
Дегенмен, нөмірде музыкалық сүймелдеуге жүгінуге рұқсат етіледі;
6) Белгіленген күні мен уақытында облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент
қалаларында өткізілетін іріктеу кезеңіне қатысу керек. Дайындалған шығарманың
минусовкасын (бар болған жағдайда) іріктеу кезеңіне өзімен бірге флешкада (MP3
форматында) ала келу керек;
7) Қатысушының өзінің сахналық костюмі болуы керек, дегенмен Фестивальдің режиссерлік
тұжырымдамасына сәйкес өзгеруі мүмкін.
5
*Ұйымдастырушылар концерт тұжырымдамасына сәйкес аспапта ойнайтын
қатысушының өнер көрсету бағдарламасын бірен-саран түзетуге немесе толық өзгертуге
құқылы.
*Іріктеу кезеңдерінің нақты күні мен уақыты туралы ақпарат үміткердің тіркелген кезінде
анкетада көрсетілген электрондық поштасына қосымша жіберілетін болады.
Бағалау критерийлері: шығарманы орындау техникасы мен шеберлігі; әртістік қабілеттілігі
мен мәнерлілігі; ерекшелігі; репертуарды таңдауы және күрделілігі; сахналық бейнесі және
оның номерге сәйкес келуі; композицияның мазмұнына сай орындалуы; сапалы
фонограмма.
ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ БАҒЫТ
Модерн, джаз, контемп, хип-хоп, street dance және басқа да заманауи техникалар бағытында
билей алатын жеке орындаушылар қатыса алады. Тіркелуге арналған сілтеме ( 2023 жылдың
15 наурызына дейін):
https://forms.gle/DuZs71RE2HDLrLXG8
Талаптары:
1) Ең алдымен, Фестивальдің іріктеу кезеңіне қатысу үшін келесі шығармалар тізімімен
танысу қажет:
https://drive.google.com/drive/folders/1wfFH6KYsbcL9NodYb3mbvd_YGVCd_KSU?us
p=sharing
2) *Сілтеме бойынша ұсынылған музыкаға қойылымдар құпталады. Бірақ қатысушылар
басқа да қойылымдар мен музыканы орындай алады. Оның әуенді және »Жүректеріміз
үндессін» фестиваль тақырыбына сәйкес болуы маңызды.
3) Қатысушы қойылымы міндетті түрде жасына сәйкес болуы қажет;
4) Қатысушылар өз репертуарларын орындай алады;
5) Хип-хоп бағытындағы орындаушылар үшін ұйымдастырушылар Федерацияның
қойылымдар кестесінде көрсетілген хореографиялық қойылымдарды үйренуді ұсынады;
6) Қатысушылар Ұйымдастырушылар белгілеген күні мен уақытында келуі керек;
7) Би қойылған музыкалық шығарманы флэшкада алып келуі керек (MP3 формат;
8) Қатысушының өзінің сахналық костюмі болуы керек, дегенмен Фестивальдің режиссерлік
тұжырымдамасына сәйкес өзгеруі мүмкін.
*Ұйымдастырушылар концерт тұжырымдамасына сәйкес қатысушының хореографиясын
және/немесе өнер көрсету бағдарламасын бірен-саран түзетуге немесе толық өзгертуге
құқылы.
*Іріктеу кезеңдерінің нақты күні мен уақыты туралы ақпарат үміткердің тіркелген кезінде
анкетада көрсетілген электрондық поштасына қосымша жіберілетін болады.
6
Бағалау критерийлері: Биді орындау техникасы; әртістік шеберлігі және мәнерлілігі;
нөмірді қоя білуі; хореография драматургиясы мен шығармасының өзгешілігі; жарқын
сахналық бейнесі; қойылымға сәйкес сахналық костюмнің болуы; сапалы фонграмма;
сюжеттік қойылым құпталаы.
Финалистерді іріктеу тәртібі
Бірінші кезеңде барлық өтінімдердің ішінен кейбір үміткерлер жас шектеулеріне, сонымен
қатар Фестиваль тақырыбына сәйкес орындамауларына және де өзге де себептерге
байланысты Ұйымдастыру комитетінің шешімімен байқаудан шығарылуы мүмкін.
2023 жылдың 17 наурызы мен 9 мамыры аралығында Қазақстанның барлық облыстары
мен республикалық маңызы бар қалаларында қатысушылар үшін онлайн іріктеу кезеңдері
өткізіледі, нәтижесі бойынша байқау финалистері анықталады.
Ұйымдастыру құрылымы
Фестивалді өткізу үшін Ұйымдастырушы комитеті құрылады. Ұйымдастырушы комитетінің
құзырына келесі мәселелер қатысты:
• Әділ-қазылар құрамын бекіту;
• Номинациялар тізімін анықтау;
• Фестивальдің жеңімпаздарын марапаттау тәртібі;
• Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру;
• Павлодар және Астана қалаларында өткізілетін Фестиваль финалына ең үздік
орындаушыларды іріктеу.
Байқаудың әділ-қазылары
• Әділ-қазылар алқасы мен олардың саны Ұйымдастырушылармен бекітіледі;
• Әділ-қазылар алқасының шешімі соңғы әрі нақты, оны қайта қарастыруға болмайды;
• Әділ-қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оның барлық
мүшелерімен қол қойылады;
• Дауыстар тең болған жағдайда, шешуші дауысты әділ-қазылар алқасының Төрағасы
шығарады.
“ERG ZHULDYZDARY” АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯСЫ
*Бұл номинация Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының қамқорлығындағы
шығармашылық ұжымдарына арналған.
*Іріктеу критерийлері мен талаптары көрсетілген құжат тізім бойынша Ережемен бірге
жіберіледі.
НӘТИЖЕЛЕРІ
Қазақстанның барлық өңірлерінде вокалдық, аспаптық және хореографиялық бағыттар
бойынша өткізілген іріктеу кезеңінің нәтижесінде таңдалынған финалистер «The Planet of
ART 2023» Халықаралық Фестивалінде Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,
Тәжікстан, Түркия және Өзбекстанның атынан өнер көрсететін болады. Байқаудың нәтижесі
2023 жылдың 25-мамырында әлеуметтік желілерде, Жоба Ұйымдастырушылары мен
7
серіктестіктерінің ресми сайттарында жарияланатын болады, сонымен қатар үміткерлердің
қатысуға берген өтінімдерінде көрсетілген электрондық пошталарына жіберіледі.
Сондай-ақ, Фестиваль қатысушыларына Қазақстандағы көрнекті өнер қайраткерлерімен
кездесу, әлем мәдениеті мен ұлттар сыйластығы туралы тақырыптық семинарлары, мастеркластары өткізілетін болады. Финалисттер фестивальдің Павлодар және Астана қалаларында
өтетін ақтық Гала-концерттерге қатысып, өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Фестивальге тәлімгерлермен белсенді дайындық кезеңі 2023 жылдың 1 маусымынан 20
тамыз аралығында өтетін болады, осыған орай келесі қосымша шарттарды ескеру қажет:
• Қажет болған жағдайда, сахналық костюм дизайнын әзірлеу мен оны тігу, қатысушының
өз есебінен жүзеге асырылады;
• Егер, костюм, қойылатын нөмір мен сахналық бейнеге сәйкес келмесе,
Ұйымдастырушылар оның ауыстырылуын талап етуге құқылы;
• Қатысушының репертуарында өзгерістер болуы мүмкін: үндестілікті (тоналдылықты),
фонограмманы өзгерту, хореографияны түзету;
• Ұйымдастырушылар баланың тоналдық мүмкіндіктерін ескере отырып, Гала-концерттің
режиссерлік қойылымына байланысты вокалдық шығарманың соңғы нұсқасына қатысты
шешімді өздері қабылдайды;
• Финалистер Павлодар және Астана қалаларында өтетін финалға келгенге дейін берілген
фонограмманың нұсқасын игеріп, өздерінің педагогтары/тәлімгерлерінің жетекшілігімен
дайындалуы керек;
• Павлодар және Астана қалаларында өтетін Фестиваль финалы барысында
финалисттермен өз бағыттары бойынша “The Planet of ART 2023” жобасының педагог тәлімгерлері мен волонтерлері жұмыс жасайтын болады;
• Қосымша ішкі келісімде көрсетілген ережелерді сақтамаған жағдайда
Ұйымдастырушылар комитеті жобаға қатысушыны жобадан шеттетуге құқылы.
Жеңімпаздардың, қажет болған жағдайда, оларды алып келген ересек адамның Павлодар
және Астана қалаларына келген сәтінен бастап барлық шығындарын
Ұйымдастырушылар өтейді, оның ішіне қала ішіндегі трансфер, тамақтану, қонақ үйде
тұру, оқу, тәлімергелік, мәдени бағдарламалар, сақтандыру және басқа да шығындар кіреді.
Байқауға қатысқан әрбір қатысушы сертификатпен, ал финалисттер дипломдармен
марапатталады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Фестиваль қорытындысының нәтижесінде, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,
Тәжікстан, Түркия және Өзбекстаннан келген вокалдық, аспаптық, хореографиялық
бағыттары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі мен Фестивальдің екі Гала-концерті
өтеді.
Байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 159, Қазақстандық Ұлттық
ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы, 050046
+7 700 394 32 32, +7 700 487 76 63 (WhatsApp қолжетімді), art.kazfuca@gmail.com
Сайт: https://unescoclubs.kz/
https://www.instagram.com/unescoclubskz