Теміртау ұландары тәртіп бұзушыны ұстап алды…
15 желтоқсан күні Теміртау қаласының қоғамдық тәртібін сақтау қызметі барысында Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімнің жасағына Б.Момышұлы #61 көшесі маңында күдікті азаматтың байқалғаны жайлы анықтама түседі. Аталмыш орынға жетіп, тексеру кезінде, азаматтың қалтасынан жасыл түсті өсімдік тектес зат тәркіленіп, тәртіп бұзушы қолға ұсталады.
«Біздің басты міндеттеріміздің бірі қала тұрғындарының тыныштығы, оқиға орнына жеткеніміз өзінде, азамат өзін күмәнді ұстады, тексеріс кезінде қалтасынан тыйым салынған зат табылды, деп әскери жасақ кезекшісі лейтенант Бейбарыс Теміржан өткен оқиғаны сипаттады.
Аталмыш әрекет бойынша, азамат Теміртау қаласының полиция бөліміне жеткізіліп, оған ҚР ҚК 293 бабына сай (Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес тұтыну) іс қозғалды.
ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.