Технологиялық бәсеке

Металлургтер шаһарында жас әрі шығармашыл жастар үшін жаңа бір орталық – «Qarmet» АҚ-ның әлеуметтік бағыттағы жобасы ретінде «Жастардың креативті технологиялар орталығы» ашылды. Орталықта «SARYARQA REGIONAL FIRST CHAMPIONSHIP» атты алғашқы шара өтті. Бұл жарыста облыстың түрлі қаласынан келген жастар жаңа технологияларды таныстырып, өзара бәсекеге түсті. Болашақтың прогрессивті идеялары қандай?

Мұрагер мектебінің 10 сынып оқушысы Санжар Сәрсембаев өз қатарластарымен бірге жасаған өнертабысымен, инженерия мен робототехникаға құштар жастардың бірі ретінде, қызыға айтады. Ол жобасын достарымен бірге жасап, жаңа технологиялар мен инновациялық шешімдерге деген қызығушылықтарын жүзеге асыруға бағыттаған.

– Бұл карта 2024-2025 жылдарға арналған және робот арнайы тапсырмаларды орындауы керек. Ол темплды алып, оны жоғары баскетке апарып, сонымен қатар параллель тартылу жаттығуларын жасайды. Бұл тапсырмалардың мақсаты – мұхитты зерттеу. Биылғы маусымның тақырыбы – «First in Dive». Ал жалпы алғанда Инженерия бірінші кезекте баланың оқуын дамытады, физика білімдерім жақсарды, 3D-қосымшаларды зерттеп жүрмін және сонымен қатар технологияларды талдап, оларды қалай және неден жасайтынын түсінемін. Болашақта бұл баланың жұмысқа дайындалу үшін өте жақсы дағдылар, – дейді «JelToqSun» командасының инженері Санжар Сәрсембаев.

«JelToqSun» командасы өткен жылы Орталық Азия елдері арасында өткен сайыста 3 орынға ие болып, Chempion Award марапатын жеңіп алды. Олар АҚШ-қа ұшып, онда да 3 орынды бөлісіп, әлем чемпиондарымен бірге тұғырдан көрінді. Сондай-ақ шараға басқа тұлғалар қатысты. Солардың бірі «USTEM Foundation» қоғамдық қорының директоры Асылбек Мырзахметов аталмыш жарыстың маңыздылығы мен бірқатар артықшылығын айтты. Креативті технологиялар орталығы барлық технологияны сүйетіндер үшін есігін ашып, өзінде робототехника, автомоделдеу және ұшқышсыз басқарылатын дрондар секілді жаңа техносекциялар ұйымдастырады. Болашақта бағдарламалау мектебін, блогерлер, журналистер, деректі фильм жасаушылар мен подкаст жасауға арналған мектептерді ашу жоспарлануда.

– Креативті технологиялар орталығы инженерлік дағдыларды балаларға сіңіруді мақсат етеді, осылайша олар жеке тұлға ретінде дамиды. Біз, металлургиялық кешен ретінде, бұл бастаманы қолдаймыз, себебі, болашақ инженерлер – біздің болашақ әріптестеріміз, – дейді «Qarmet» АҚ бейінді емес активтер басқармасының директоры Алмас Сиранов.

Осылайша, қазіргі уақытта Креативті технологиялар орталығы тек комбинаттың ғана емес, бүкіл қаланың визиттік карточкасына айналатыны сөзсіз. Ол ұрпақтар сабақтастығын және жинақталған тәжірибені қамтамасыз етіп, жастарға кәсіби бағдар беруге арналған алаң болады. Орталықтың жетекшілері – жас, шығармашыл, креативті адамдар болады. Жоспар бойынша, креативті технологиялар орталығында 200-250 оқушы білім алатын болады.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,                                     

«QH»