Тегін кәсіптік курстар
1 тамызда Қарағанды мен Теміртауда Jumys tap жобасы аясында тегін қысқа мерзімді курстар басталады. Айта кетейік, жоба аясында кез келген адам жаңа мамандықты игере алады.
«Оқыту Қарағанды және Теміртау қалаларындағы жеті колледжде 48 мамандық бойынша жүргізіледі: тігінші, аспаз, кондитер, шаштараз, жартылай автоматты дәнекерлеуші, фрезерлеуші, токарь, сайт жасаушы, бейнемонтаж, графикалық дизайн, мобилография және тағы басқалар», – деп хабарлады Қарағанды облыстық еңбек ұтқырлығы орталығында.
Барлық қажетті ақпаратты консультациялық пункттерден алуға болады. Қарағандыда олар «Таир», «Умай» сауда үйлерінде, «Ёжик» супермаркетінде (бұрынғы «Кировец»), Теміртауда – орталық базарда орналасқан.
Консультациялық пункттердің жұмыс кестесі: сейсенбі/сенбі түскі ассыз 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Және де 60-50-50, WhatsApp: 8-775-644-35-80 нөмірлер арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады.
Call center жұмыс кестесі: дүйсенбі/жұма 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Қарағанды облыстық еңбек ұтқырлығы орталығыныың ақпараты негізінде