Тең орта, тең мүмкіндіктер
Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Инклюзивті қызмет көрсетуді ақпараттық қолдау сұрақтары» атты дөңгелек үстел өтті.
Әлеуметтік маңызды басқосуға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сейтжан Кенжеғұл Социалұлы мен Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, «Білте қоры» қоғамдық қорының президенті Мақпал Мыса Мазаққызы және кітапхана серіктестері: Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ермек Еркебайұлы Нуксуев, Теміртау қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Андрей Станиславович Боев, Абай аудандық «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының координаторы Асхат Хасенұлы Егеубаев пен әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі Айнұр Әуесханқызы Доскенова, №1 арнайы мектеп-интернаты директордың орынбасары Айтжамал Жұматайқызы Ибраева, №25 ЖББМ директордың орынбасары Татьяна Яковлевна Матюхина атсалыса қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын модератор ретінде Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының басшысы Нұрланов Ғалым Адайұлы мен тифлопедагог-оңалтушы Владимир Александрович Высочинский жүргізіп, қатысушылармен мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық өмірге әлеуметтендіру, бейімдеу мен әлеуметтік оңалтуда қолайлы орта тудыру, тең мүмкіндіктер қалыптастыру, инклюзивті білім беру сұрақтарын талқылады.
Инклюзивті қызмет көрсету тақырыбы қарастырылған шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты К.Сейтжан көкірегі ояу оқырмандарымызды мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және т.б. бағытта жүзеге асырылып жатқан заң жобаларымен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Е.Нуксуев «Социальная поддержка лиц с инвалидностью» тақырыбында баяндама ұсынып, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, көруі бойынша мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтермен таныстырды. Теміртау қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі жөніндегі штаттан тыс кеңесші А.Боев «Социализация людей с инвалидностью советниками акима» баяндамасында әкім кеңесшілерінің мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру мәселелерін кеңінен қозғады. Абай аудандық «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының координаторы А.Егеубаев пен әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі А.Доскенова орталықтың тегін заңнамалық-құқықтық кеңестері мен ұсынатын көмегі, мемлекеттік қызметтер мен мен әлеуметтік порталға қолжетімдік, жұмысқа орналастыруға ықпал ету туралы «Абай аудандық орталығының «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының атқаратын қызметі» баяндамасын ұсынды. №25 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары Т.Матюхина «Дара» қайырымдылық қоры, Қарағанды облысы білім басқармасымен бірлескен «Разные-Равные: создание инклюзивного общества в Казахстане» жобасы аясындағы Ресурстық орталық, мектеп базасында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру барысы жайлы «Реализация инклюзивного образования на базе КГУ ОШ №25» баяндамасын және №1 арнайы мектеп-интернаты директорының оқу ісі бойынша орынбасары А.Ибраева көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатта оқушыларды әлеуметтік бейімдеуде атқарылатын жұмыстар бойынша «Социальная адаптация незрячих учащихся на основе социального партнерства в условиях школы-интерната» баяндамасын ұсынып, білім беру ұйымдарының өкілдері оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктеріне орай барлық білім алушының білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету процессін талқылады.
Шара барысында М.Мыса Брайль редакторы кітапхана басшысы Ғалым Адайұлы болып табылатын, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Білте қоры» қоғамдық қоры жарыққа шығарған «Айналайын» балаларға арналған Брайль қарпіндегі өлеңдер жинағы мен «Айналайын» балаларға арналған Брайль қарпіндегі әңгімелер жинағын арнайы кітапхана мен №1 арнайы мектеп-интернатына сыйға тарту етіп, кітапқұмар оқушыларды бедерлі-нүктелі қаріпті жаңа жинақпен қуанышқа бөледі.
Шараға жалпы 33 адам, «Әділет» мүгедектер қоғамы» ҚБ төрайымы Ыбышева Қарлығаш Нұрахметқызы мен Айман Абенова, Жәнібек Байтоков, Зайра Карбекова, Нұрпатша Калиева, Сандуғаш Сағындықова, Бақытбай Орымбеков, Оксана Шаталина, Александр Баранивский, Константин Калмыков және т.б. белсенді оқырмандар атсалыса қатысты.
Ақпаратқа қолжетімділік, әлеуметтік бейімдеу мен оңалту мәселелері қарастырылған маңызды шара мәртебелі меймандар мен оқырмандардың көкейкесті мәселелер төңірегінде сұрақ-жауап, өзара пікір алмасуымен аяқталды.
Рахат БУЛАНБЕКОВА,
Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының бөлім басшысы