Талдықорған театры Қарағандыда

Қаламызға Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры гастрольдік іссапармен келеді. Қыркүйек айының 22-24 күндері театр Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында сахнасында қарағандылық көрермендер үшін өз өнерлерін паш етеді.

– Театрымыздың 50 жылдығы қарсаңында жоспарланған өнер сапарында Сарыарқаның төрінде орналасқан – Қарағанды шаһарының көрермендерінің назарына Айдана Аламанның «Жалқаудың жыры» ертегісі, Қолғанат Мұраттың «Мұғалім» әлеуметтік-мультимедиалық драмасы және Жәнібек Әлікеннің «Қазақтың тойы бітпесін» драмасын ұсынбақпыз. Сіздерді асыға күтеміз, патша көңілді көрермен! Біздің қойылымдар Қарағанды жұртшылығының көңілінен шығады деген ойдамыз, – дейді Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының ұжымы.

Билеттерді театр кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Анықтама телефоны: 8-701-729-72-53.

Құралай КӨБЕНОВА, «QH»