Тәжірибе алмасу

Балаларды оқыту үшін сіз өзіңіз де үйренуіңіз керек. Қарағанды қаласының балабақшаларында тәрбиешілер мен мұғалімдердің тәжірибе алмасуына арналған семинарлар өтті. Сондай-ақ, №2 Оқушылар сарайында түрлі облыстың үздік тәрбиешілері марапатталды.

Елена Дегтярева – Теміртау қаласындағы мамандандырылған балабақшаның логопеді. Ол өмірінің 23 жылын балаларға арнады және оған мүлде өкінбейді. Білікті маман Үздік педагог атты конкурсқа қатысты. Еленаның айтуынша, мұғалім болу – бұл үлкен мәртебе. Айналысатын кез-келген ісіңіз сізге бірінші кезекте ұнауы керек. Жұмысты тек ақша үшін ұнату деген қате ұғым, дейді логопед.

– Конкурс ұйымдастырушыларына рақметімді айтамын. Бұл ауқымды шара бірінші кезекте біз секілді педагогтардың білікті маман болып дамуына мүмкіндік береді, бойымызда кәсіби дағдыларды жетілдіреді. Өзімнің әріптестеріме сәттілік тілеймін. Бүгінде, болашақта да жолдары болып, табысқа жете берсін, – дейді Елена Дегтярева.

Қарағанды қаласының Оқушылар сарайында еліміздің түрлі облысы педагогтарының пленарлық отырысы өтті. Шараны облыстық білім басқармасы мен облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Оқу-ағарту министрлігінің балаларды ерте дамыту институтының директорының айтуынша, бүгінгі таңда педагог мамандығы сұранысқа ие. Жыл сайын балалар саны артып келеді және оларды тәрбиелеу үшін білімді мамандар қажет. Пленарлық отырыс – бұл шараның бір бөлігі ғана. Негізгі шара қаланың төрт мектепке дейінгі ұйымдарында өтті. Тәжірибе алмасу үшін пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Облыстың 300-ден астам педагогы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде идеялармен алмасып, даулы мәселелерде шешім іздеді. Сондай-ақ мұғалімдер үшін тимбилдинг өткізілді. Осы шара аясында алынған тәжірибе басқа мектепке дейінгі ұйымдарға берілетін болады. Бұл шара мұғалімдерге балалармен сөйлесуді қалай дұрыс құруға және олармен бір толқында болуға ғана емес, сонымен қатар қажетті құжаттарды қалай дұрыс толтыруға мүмкіндік береді. Қазір ата-аналардың өздерінде балаларды үйде оқытатын үрдіс бар.

Алмагүл Бұғыбаеваның айтуынша, ата-аналардың мұны істеуге заңды құқығы бар, бірақ бұл жағдайда бала белгілі бір қарым-қатынас шеңберімен шектеліп, баяу әлеуметтенеді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдарда олар баланың әртүрлі пәнге бейімділігін алдын-ала анықтай алады және ата-аналарға баласының дұрыс дамуына бағыт бере алады. Сондықтан балаларыңызды мамандандырылған мекемелерге орналастырған жөн, дейді әдіскер.

– Мектепке дейінгі ұйым – бұл барлық маман баланы дамытатын, тәрбиелейтін және оқытатын орын. Тәрбиешіден бастап, маман мұғалімдерге дейін. Заң аясында ата-аналардың үйде тәрбиелеуге және оқытуға құқығы бар. Бірақ баланың қоғамдағы әлеуметтенуі ше? Бұлда үлкен рөл атқарады. Бірінші кезекте ол өз құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауы керек. Бұл тіпті 1 сыныпқа барғанда да әсер етеді, – дейді Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Алмагүл Бұғыбаева.

Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»