ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР АЗАЙҒАН

Қарағанды облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасылар мен әйелдер мәселелерін талқылау бойынша онлайн-кеңес өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Парламент Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанова, еліміздің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов және үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам белсенділері мен дағдарыс орталықтарының басшылары қатысты.

— «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әлі де қаралуда. Ол отбасыда туындаған қиын жағдайларды шешуге және алдын алуға бағытталған. Бүгінгі жиын отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелері бойынша қоғам белсенділері мен мен жергілікті атқарушы жүйе өкілдерінің ұсыныстарын тыңдау үшін өтуде, — деп сөз бастады Лаззат Рамазанова.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында өңірімізде отбасы және тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстық көрсеткіш 20%-ға төмендеген. Мұндай қ ұ қ ы қ б ұ з у ш ы л ы қ т а р д ы ң орын алуына басты себеп – отбасындағы жайсыз атмосфера, қызғаныштан туындаған жанжалдар, материалдық қиындықтар, ішімдікке салыну. Облыс аумағындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына арналған дағдарыс орталығы мен баспаналардың саны тоғызды құрайды. Сондай-ақ, өңірде екі бірдей халыққа психологиялық көмек көрсету орталығы мен олардың сенім телефондары жұмыс істейді. Оған қоса, әйелдерге психологиялық және құқықтық көмек көрсететін «Аналар Үйі» қызмет етеді.

Аймақ басшысының орынбасары Абзал Нүкенов облыста отбасылық құндылықтар мен гендерлік теңдікті насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тарта ды. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында тиісті облыстық комиссия мен полиция департаментінің, үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмыс жоспары әзірленген.

— Биыл біз отбасылық және гендерлік саясатты нығайтуға, сондай-ақ, мемлекеттікәлеуметтік тапсырыс арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған 39 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау бойынша да жұмыс жүргізілуде. Облыста іскер әйелдер қауымдастығы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі, Аналар Кеңесі сияқты қоғамдық ұйымдар белсенді түрде қызмет атқарып келеді, — деді Абзал Нүкенов.

Жиынға қатысушылар учаскелік полиция қызметкерлерінің өкілеттіктерін арттыруды, оларға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына келісімсіз қорғау нұсқамаларын жазу мүмкіндігін беру туралы ұсыныс жасады. Өйткені, зардап шеккендерді жәбір көрсетушілерден дер кезінде құтқарып алу керек. Сондай-ақ, қатысушылар «Отбасылық және гендерлік саясат мәселелерін отбасылық саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік орган орталықтандыруы тиіс» деген пікір білдірді. Ал, өңірлерде отбасы істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер құрылуы керек. Оларға жергілікті жағдайды бақылауда ұстап, отбасылықтұрмыстық жанжалдарды шешу үшін мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру міндеттеледі.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА, QH.