Тұрғындармен кездесу
2025 жылдың 13 маусымында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағанды көлік прокуратурасы және қалалық мәслихат депутаты мен Қарағанды магистральдік желісінің өкілдері бірлесіп Қарағанөзек станциясының теміржол жанында тұратын тұрғындармен кездесу өткізді.
Іс –шараның басты мақсаты тұрғындарға теміржол маңында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды түсіндіру және жергілікті тұрғындардың теміржолды өту барысында туындайтын қолайсыздықтар мен қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақтарды көтеру болды.
Кездесу кезінде Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімі, Қарағанды көлік прокуратурасы, Қарағанды магистральдік желісінің өкілдері Қарағанөзек станциясында қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды жайластыру бойынша ұсынымдар ұсынып, тұрғындар тарапынан өтініштер тыңдалды.
Өткізілген кездесу теміржол объектілерінде болатын қайғылы жағдайлардың алдын алуға өз септігін тегізеді деп сенеміз.
Бүгінгі күні желілік полиция бөлімі қызметкерлерін адамдардың теміржолды белгіленбеген жерінен өту салдарынан жылжымалы құрамдардың қағып кету деректерінің көбейіп кеткендігі қатты алаңдатады. Сол себептен шұғыл тежеуді қолдану барысында пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне және ондағы жолаушылар өміріне тікелей қауіп төнетіндігін естен шығармауларыңызды сұрайды!
Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімінің ақпараттық саясат тобы