«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық шарасы

2025 жылдың  27-29 шілде аралығында Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.

 

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды ескерту және алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.

Құрметті ата-аналар!

Түнгі уақыт 23.00-ден кейін балаларыңыздың үйден тыс жерде болмауына СІЗ ЖАУАПТЫ екендігіңізді естен шығармаңыз.

Қарағанды-Сұрыптау станциясы желілік полиция бөлімі