Сумен қамтамасыз ету
Биыл облыстың сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 115 миллион теңгеден астам инвестиция бағытталды. Келесі жылы бұл мақсатқа тағы 3,5 млрд теңге бөлу көзделген. Атқарушы билік осылайша елдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтауды 100% қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Үкімет 2029 жылға дейін коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын бекітті. Бұл құжатқа сәйкес түрлі инфрақұрылымдық жобалар қаржыландырылады. Биыл Қарағанды облысында сумен қамту бойынша 38 жоба жүзеге асырылуда.
– Бүгінгі таңда орталықтанған су жүйесімен қамтамасыз етілген ауылдық елдімекендердің көрсеткіш 93,6% межелеп отыр. Облысымыз бойынша барлығы 342 елдімекеннің 225 елдімекені ауызсумен жабдықталған. Бұл дегеніміз 93,6% құрап отыр. Белгіленген көрсеткішке толықтай қол жеткізу үшін біз 117 ауылға орталықтанған ауызсу желісін тартуымыз қажет. Оларда су бар, бірақ кешенді блок модульдерін орнату керек, – деп түсіндірді Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Арман Саттыбаев.
Шенеуніктер жыл қорытындысы бойынша 14 су нысанын және кешенді блок модульдері орнатылған 26 жобаны пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Облыс әкімі сумен жабдықтау жұмысының орындалуын Азамат Айтбайұлы жеке қатаң бақылауда ұстасын деп тапсырма берді. Қалай дегенмен ауызсумен қамту ісі қомақты қаржы бөлініп, елдімекендердің әлеуметтік ахуалына тікелей қатысты маңызды мәселе, сондықтан бұл жұмыс орындалуына жергілікті басшылар аса жауапты. Биылғы жылдың соңына дейін шенеуніктер ауыл аймақты орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді 95,8 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Қалған 4,2%-ға келесі жылдың соңында қол жеткізу мақсаты бар.
– Осынау мақсаттарды жүзеге асыру үшін біз 3,5 млрд. теңгеге бюджеттік тапсырыс бердік. Алдын ала 2 млрд. теңге мақұлданды. Қалған қаражат республикалық бюджет нақтыланған кезде бекітіледі, – дейді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Биыл сумен қамту бойынша 38 жобаға қызанадан 115,6 миллион теңге бөлінген. Өңірлер бойынша ауылдық елдімекендерді ауызсумен қамтамасыз етудің ең жоғары пайызы Бұқар жырау ауданында, ал ең төменгі көрсеткіш Қарқаралы, Шет және Ақтоғай аудандарында.
АЙДЫН ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ,
«QH»