Су қоймасын тазарту
Көлде қыс мезгілінде квадроциклдармен жүруге тыйым салынады. Қарағандыда саябақ су қоймасын тазарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұл ретте жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Су қорын жаңартқаннан кейін су қоймасына балықтар жіберілетін болады. Сондықтанда қыста мұнда қозғалыс шектелуі тиіс.
Соңғы жылдары жиі айтып жүрген саябақ көлінде бүгінде тазалық жұмыстары қызу жүріп жатқанын саябақ басшылығы баяндаған еді. Бұған дейін қала әкімі Мейрам Кожухов көптен күткен мердігер – Ресей Федерациясының «Ритм» компаниясының су қоймасында жұмыс істейтінін мәлімдеген болатын. Олар Қазақстанда бірінші рет жұмыс істеп жатыр, бірақ қолда бар техникамен, әзірленген технологиямен бір су қоймасын тазалап, кепілдік береді.
– Қазіргі уақытта екі техника – труксор, механикалық тазалау, ал екінші әдіс – Боцман М, ол сорғы жұмыстарын орындап, жер астындағы тамырды ұнтақтайды. Карта арқылы біз екінші көлді таңдадық және ол жерде балдыр көбейген, қазірдің өзінде бар, – дейді «Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы Талғат Байтохин.
Барлық қызметке 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Балдырлардан құтылудың бұрынғы технологиясы тиімсіз болып шықты. Биыл тазалық жұмыстарынан кейін бірден балдыр жейтін амур мен сазанның 100 мыңға жуық шабақты көлге әкелу көзделіп отыр. Ал балық қырылып қалмас үшін қыста көл бетіне арнайы тесіктер қазылып, көпшілік жерде квадроциклмен жүруге тыйым салынады. Олар су қоймасын бұрғыланған ұңғымалардан, Бұқпадан толтыруды көздеп отыр. Табиғи ресурстар басқармасы бір мезгілде өзен арнасын тазалау жұмыстарын жүргізіп, жергілікті тазарту қондырғысының шамамен орнын таңдап қойған.
– Бұл жоба бойынша мердігер «Гидроқұрылыс» ЖШС болып анықталды. Бүгінде олар жұмыстың 50% – өзенді тазарту жұмысы. Көпір астында құбырлар болды, 95% шөгінділерден тазартылды. Оның ішінде жергілікті тазарту қондырғысын сатып алу қарастырылған, – деді «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бахтияр Санбаев.
Облыс бюджетінен 300 миллионға жуық қаржыны сүзгілері мен сорғылары бар жүйеге жұмсап, су тасқыны мен жауын-шашынды маусымдарда аз уақыт ішінде көлді тұщы суға толтырып, тамыры тереңде жатқан мәселені шешуді көздеп отыр.
– Жыл сайын тырмамен тырмалап жұмыс істеген болатын. Техникамен жұмыс істеп жатқандарды енді көрдім. Баяғыдан бері осылай қолға алу керек еді. Екі жыл бұрын үлкен балықтарды аулайтынбыз, қазір балықтар майда. Суды ауыстырса жақсы болар еді. Бұл жерде балық көп, –дейді қала тұрғыны Николай Лукашов.
– Көңілің толып қалады. Айнала гүлденеді. Бұл көлге балаларым мен немерелерім суға түсетін. Шөберелерім суға түссе деген ойым бар, өзім күн сайын осы маңайда серуендеуді әдетке айналдырдым, – дейді тағы бір тұрғын Пётр Сосновский.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,
«QH»