Үстел теннисі – пайдасы мол дара спорт
Жастар арасындағы үстел теннисінен ҚР чемпионаты «Жастар» спорт кешенінде 1-3 сәуір аралығында өткізілді. Шараға 9 команда, 45 үміткер қатысты. Турнир жоғары деңгейде өткізілді. Залда шараға қатысушылар үшін ыстық тамақ беріліп, мүмкіндігі шектеулі спортшыларды тасымалдау, станциядан қарсы алу және инватаксиде шығарып салу жұмыстары қолға алынған.
Еріктілер көмектескен жастар арасындағы чемпионаттың қорытындысы бойынша, командалық 1-орынға Атырау командасы 6 алтын алып жайғасса, командалық 2-орынға 5 алтын алған қарағандылықтар тұрақтаған, командалық 3-орынға 3 алтын медальға қол жеткізген Түркістан облысының жастары лайықты деп танылды.
Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ,«QH»