Спорттық дода

10-14 қазан аралығында спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынған сайыс өтті. Жарысқа 260-қа жуық спортшы қатысты.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Василий Кореньков спорттық бағдарлауға 20 жылын арнады. Оның айтуынша, бұл спорт түрі спортшының физикалық қана емес, интеллектуалдық қабілеттерін де дамытады, өйткені жүгіру кезінде маршрутты ойлауға аз уақыт беріледі. Жүгіруші жер бедерін жылдам талдап, барлық мүмкін жолды бағалап, жағдай өзгерген кезде әрқашан назарын жоғалтпай сақтауы керек.

– Жарысқа 49 команданың 260-тан астам спортшысы қатысты. Бұл жарысқа арналып, Спорттық бағдарлау федерациясының картографтары екі жаңа карта салып, оларды спорттық бағдарлау бойынша ұлттық жаттықтырушы тексеріп шықты. Бұл карталар болашақ жарыстар үшін жоғары деңгейдегі қашықтықтарды жоспарлауға мүмкіндік береді, – дейді Спорттық бағдарлау бойынша спорт шебері Василий Кореньков.

Жарыстың негізгі мақсатының бірі – 2024 жылы желтоқсан айында Таиландта өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының мүшелерін іріктеу болды. Жарыста әртүрлі деңгейдегі спортшы, соның ішінде республикалық, халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері мен үміткерлер бақ сынасты. Спортшыларды оқыту мектептер базасында өтеді. Вице-президент Татьяна Кубрактың айтуынша, ең маңыздысы – картографиялық материал. Қарапайым сөзбен айтқанда, жолдың жер бедері неғұрлым күрделі болса, соғұрлым жақсы. Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды спортшылары 38 алтын, 28 күміс және 17 қола медаль иеленді. Осы жетістікпен мереке аяқталған жоқ. Жеке есеппен қатар, спортшылар рейтинг бойынша да жарысты.

– Қарағанды облысы өте жақсы өнер көрсетті. Жыл рейтингі бойынша негізгі құрамда әйелдер тобында Щипкова Екатерина, ал ерлер тобында Дәуіт Жанболатта бірінші орын бар. Екі спортшы да желтоқсанда Таиландта өтетін Азия чемпионатында республиканың атынан қатысады, – деп атап өтті «Қарағанды облысының Спорттық бағдарлау федерациясы» ҚБ Вице-президенті Татьяна Кубрак.

Жарысқа арнайы дайындалған жаңа карталар пайдаланылды, олар спортшылардың кәсіби шеберліктерін арттыруға және жоғары деңгейде жарысуға мүмкіндік береді.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ,                                     

«QH»