Спорт күні
Жыл сайын, тамыз айының үшінші жексенбісінде, Қазақстанда республикалық Спорт Күні мерекеленеді. Үстіміздегі жылы шара 21 тамызға түсіп тұр. Таңғы сағат 10:00 бастап, Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағының спорт алаңдарында 10-11 жастағы жасөспірімдер арасында футболдан және роликтік конькиден, 18-40, 40 үлкен жастағы ерлер мен әйелдердің аралас командалар арасында ақтық жарыстар өтеді. Сағат 10:00-де жеңіл атлетикалық жүгіріс басталады. Оған 10-12, 13-14, 15-16 жас аралықтарындағы жасөспірімдер мен қыздар қатыса алады. Қатысуға өтінім 21 тамыз күні сағат 9:00 мен 9:30 аралығында, саябақтың стационарлық сахнасының жанында қабылданады. Бұдан басқа БЖС спорт алаңында стритболдан ақтық, «Тутұғыр» композициясының жанында шаңғы роллерлерден жарыстар өтеді. Сағат 12-ден бастап Орталық саябақта қаламыздың спорт мектептері спортшылары өнерлерін паш етеді. Барлық ниет білдірушілерді спорт мерекесіне шақырамыз!