Сот жүйесі ғалымдарының халықаралық форум-диалогы туралы

Жоғары Сот Кеңесінің өкілдері ағымдағы Павлодар қаласында өткен «Жаңа Қазақстан жағдайындағы сот жүйесі және сот төрелігі: жай-күйі мен болашағы» сот жүйесі судьялары мен қызметкерлерінің II Халықаралық форумына қатысты.


Форум жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан судьялары, сот жүйесінің қызметкерлері мен ғалымдары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, сот жүйесін жетілдірудің жай-күйі мен перспективаларын жан-жақты талқылады. Сондай-ақ, форумда сот жүйесіне деген сенімділікті арттыру, сот қорғауының қолжетімділігіне кепілдік беру жүйесіндегі онлайн-сот төрелігі технологиялары, сот төрелігін цифрландырудың кейбір мәселелері, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін күшейту сияқты және басқа мәселелер көтерілді.
Жоғарғы Сот Кеңесінің атынан Кеңес мүшесі Айгүл Қалымұқашева қылмыстық юрисдикция саласындағы реформалаудың кейбір аспектілері және сот жүйесіндегі реформалар туралы баяндама жасағап қатысты.
Өз сөзінде ол ел Президентінің Жолдауында айтылған тапсырмаларға егжей-тегжейлі тоқталып, ғылыми дәрежесі бар (заң ғылымдарының кандидаттары мен докторлары, PhD философия докторлары) заңгерлер, мінсіз беделі бар және басқа да талаптарға сәйкес келетін оқытушылар мен практик құқықтанушылар есебінен сот жүйесіне жоғары білікті кадрларды тартудың маңыздылығын атап өтті.