Шахтердың сенімді жеңісі

Қарағандыда өткен кезекті футбол кездесуінде жергілікті «Шахтер» командасы өз алаңында «Хан Тәңірі» клубын қабылдап, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл ойын «Шахтер» жанкүйерлеріне жарқын әсер қалдырдып, команда үшін маңызды ойын болды.

Бірінші таймда екі команда да бір-бірін барлап, алаңда сақ ойнады. Алайда екінші тайм басталғаннан кейін «Шахтер» шабуылдарын үдете түсті. Ойынның 78-минутында алаңға кейіннен шыққан 19 жастағы қорғаушы Эльхан Саидов есеп ашты. Бұл гол ойынның бағытын толықтай өзгертіп, қарсыластың рухын түсірді.

Арада көп уақыт өтпей, 82-минутта Максим Галкин есепті еселей түсті. Қақпа жанындағы қарбаласты тиімді пайдаланып еншісіне бір голды жаза білді. Ал 85-минутта шабуыл шебінде белсенді ойын көрсеткен Асхат Тәттібаев үшінші голды соғып, кездесудің нүктесін қойды.

Матч барысында бірнеше ойыншыға сары қағаз көрсетілді. Бұл ойынның қызу тартыспен өткенін белгісі. Айта кету керек, бас бапкер жасаған ауысымдар оң нәтиже беріп, гол соққандардың екеуі алаңға екінші таймда қосылды. Бұл «Шахтер» құрамының екінші тынысы бар екенін және команданың тереңдігін дәлелдеді. Матчтың үздік ойыншысы 15-нөмірмен өнер көрсететін жерлесіміз Богдан Савкин болды.

Жергілікті команда биылғы маусымның алғашқы айналамында Хан Тәңірі командасымен кездескен болатын. Ол ойында да Шахтер 2:3 есебімен басымдық танытқан. Команда қазіргі турнирлік кестеде үшінші орында келеді. Еске сала кетсек, Жоғарғы лигаға тікелей жолдама алу үшін маусымды кемінде екінші орынмен аяқтау қажет. «Шахтер» барша қарағандылықтардың үмітін ақтайды деп сенеміз.

Жанкүйерлер үшін бұл ойын маусымдағы ең әсерлі кездесулердің бірі болды. Команда жеңіс жолында еңбек етіп, келесі ойындарға жоғары көңіл-күймен дайындалуға мүмкіндік алды.

Ералы ҒАНИ,

«QH»