“Шахтер” жігіттері ерлік көрсетті
Қазақстан Бірінші лигасының кезекті турында өткен тартысты кездесуде қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда «Қайрат 2» командасын 1:2 есебімен жеңіп шықты. Матч Алматыда өтіп, көрермендерге нағыз драмалық ойын сыйлады.
Ойынның алғашқы минуттарында-ақ алаң иелері белсенділік танытты. 4-минутта Азамат Тұяқбаев дәл соққымен есеп ашып, «Қайрат 2»-ні алға шығарды – 1:0. Алайда көп ұзамай, 40-минутта «Шахтер» шабуылшысы Диас Қалыбаев пенальтиден мүлт кетпей, есепті теңестірді – 1:1.
Екінші тайм тіпті қызықты бола түсті. Үзілістен кейін екі команда да бірқатар ауысымдар жасап, ойынға тың серпін қосты. Дегенмен, 55-минутта «Қайрат 2» ойыншысы Асқар Бижан қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға қалдырды. Осы сәттен кейін ойын тізгіні «Шахтердің» қолына көшті.
78-минутта Арман Нүсіп қарсылас қақпасын дәл көздеп, жеңісті голды соқты – 1:2. «Шахтер» бұл нәтижені соңына дейін сақтап, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.
Бұл жеңіс «Шахтер» үшін турнирлік кестеде маңызды рөл атқаруы мүмкін, ал «Қайрат 2» келесі турда жоғалған ұпайларын қайтаруға тырысады.
Келесі ойын 29 мамыр күні Алтай командасымен сырт алаңда өтетін болады. Жеңісті күнге бірге жетейік жерлестер!
Ералы ҒАНИ,
«QH»