САЯБАҚТАҒЫ КӨЛДІ ТАЗАРТУҒА БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ

Қарағанды Экомузейінің директоры Дмитрий Калмыков өз кезегінде себеп мүлдем басқа факторларға байланысты деп есептейді:

— Су қоймаларының толып кетуі — кең таралған құбылыс. Катамаран немесе басқа да ойынсауық аттракциондарының болуына қарамастан, барлық тоғандар жаз мезгілінде гүлдейді. Сонымен қатар, балдыр және басқа да су өсімдіктеріне толып кетеді. Оның себебі көп. Әсіресе, жазда судың температурасы жылы болатындықтан, ағын қуаты әлсірейді әрі суда көптеген қоректік заттар пайда болады. Біздің саябақта бұл факторлардың барлығын да кездестіруге болады. Көл суы лас, себебі жеке сектордағы кәріздерден су ағындары көлге ешқандай бақылаусыз түседі. Оған қоса, тоғанның жанжағы темірбетон коллекторымен жабылған. Егер резервуар коллектордан шығарылып, арна тереңдетілсе, мәселені шешуге болады деп ойлаймын, — дейді ол.

Қазір саябақ қызметкерлері су қоймасын тазалап жатыр. Ауыр қалдықтарды трактордың көмегімен арқандармен тартып алу арқылы, ал жағаларды қолмен тазалау жұмыстары жүргізілуде. Әр тазалау барысында бірнеше тонна балдырлар шығарылады. Жаздың бас кезінде тоған ретке келтіріліп, су көліктерінің жұмысына рұқсат берілді, қажетті су құйылып, толықтырылды. Бірақ қазір қалада карантиндік шаралар қайтадан күшейтілді әрі аптап салдарынан балдырлар қайта қаулап шыға бастаған. Саябақтарға тікелей жауапты Басқарма балдырлармен ендігі кезекте табиғи жолмен, яғни бактериялар мен балықтар арқылы күресетінін хабарлады.

— Биыл күз бен қыста хлорелла бактериялары көлге жіберіледі. Олар көкжасыл балдырлардың өсуін тежейді, содан кейін өсім жойылады деп күтілуде. Келесі жазғы маусымда балдырлардың өсуін тежеуге көмектесетін балық түрлерін көлге жіберуді жоспарлап отырмыз. Бұл әдіс-тәсілдер жерге зақым келтіретін тазалау жұмыстарына жол бермеу үшін ұйымдастырылмақ, — дейді Басқарма мамандары. Алайда, балықтардың суға қашан жіберілетіні туралы нақты айту қиын. Себебі фаунаның тіршілігі жалғасу үшін су мен оттегінің қажетті деңгейі керек.

Бұрын тоған бүкіл қала арқылы өтетін Бұқпа өзенімен толығып тұратын. Кейін шахта жұмыстарынан қалған ағынды сулармен толтырылды. Бірақ соңғы жылдары көл таяздана бастады. Көлге шахтадан келетін ағынды судың орнына кәріз сулары құйылып, ластанып кетті. Өткен жылы қала орталығындағы ашық учаскелердің бірін тазалау туралы шешім қабылданғанымен, көп уақыт өтпейақ бұл мәселені саябақ қызметкерлері жалғыз өздері шеше алмайтыны белгілі болды.

Өзеннің санациясын жүргізу және оны коллекторға жабу үшін Табиғи ресурстар басқармасы әзірге тек 20 млн теңгені құрайтын жоба әзірлеуге тендер жариялады. Техникалық ерекшелікте парк көлін толтыру үшін гидроқұрылыстар да көзделетіні жазылған.

«Геодезиялық және гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты арна учаскесінің барлық бойында жауын қабылдағыштар көзделсін. Жер асты орналасу учаскелерінде тексеру камералары, сондай-ақ қоқыс жинағыштар болуы тиіс. Коллектордың жер асты учаскелеріне қызмет көрсету және тазалау технологиясын қарастыру. Бөтен адамдар үшін коллекторға кіруді шектеу», — делінген техникалық сипатта мада. Сонымен қатар, «Үлкен Бұқпа өзенінің тұрақты ағынын қамтамасыз ету үшін жоба Костенко атындағы шахтаның шахталық суларын үлкен Бұқпа өзенінің арнасына бағыттауды қарастырсын»,- делінген. Жобаны әзірлеу мерзімі 2022 жылдың наурыз айының соңына дейін деп көрсетілген. Техникалық тапсырмаға сүйенсек, жұмыс қомақты соманы қамтуы мүмкін. Соңғы есептеулер бойынша Бұқпа 16,8 шақырымға кеңейген. Алдағы уақытта гидролог мамандар нақты көрсеткіштерді анықтайды.

Өткен жылы Мәдениет, демалыс және саябақтар басқармасы көлді тазарту және қоректендіру жобасымен өздері айналыспақ болып, 2 млрд теңге көлеміндегі ақша сұрады. Жергілікті билік бюджеттен бұндай ауқымды сома бөлуден бас тартты. 2021 жылдың маусым айында Басқарма басшысы Мәдина Әшірова балаларды қорғау күні саябақта болған шу мен карантин ережелерін бұзды деген себеппен жұмыстан босатылды.

Орталық саябақ – қала тұрғындарының көп шоғырланатын әрі сүйіп серуендейтін жері. Ондағы түрлі мәселелер туралы қала тұрғындары тарапынан түскен шағымдардардың көптігі де содан болса керек. Қаланың көркіне көрік қосып, тұрғындарға жайлы демалыс сыйлау үшін – саябақтағы көл тазалығын басты назарға алған жөн. Сала мамандары да бұл іс тезірек қолға алынбаса, салдарынан көлдегі тіршілік атаулы құрып кетуі мүмкін деп топшылайды.

Аружан АЛПЫСБАЙ,
«QH»