Сапалы жұмыспен қамту жүйесі
Бүгінгі күні жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы жұмыс істейді.
Бағдарлама шеңберінде мынадай бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көзделген: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету; жаппай кәсіпкерлікті дамыту; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту.
Қарағандыда ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламаға 6767 азамат қатысты, оның ішінде 5982 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, оның шеңберінде біліктілігі жоқ жастар қажетті мамандықты тегін оқып, кейіннен жұмысқа орналаса алады. Ағымдағы жылы осы бағыт бойынша 369 адам қамтылды. Сұранысқа ие мамандық бойынша оқығандар үшін артықшылықтардың бірі «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, микрокредит беруді кеңейту және кепілдендіру болып табылады.
Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға беріледі. Жолдама алғандардың ішінен бағдарламаның 28 қатысушысы стоматология кабинетінің, жиһаз цехының қызметін кеңейту, өсімдік шаруашылығын экскалациялау үшін 301 167 мың теңге сомасына микрокредиттер алды.
Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша өтеусіз негізде, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін беріледі. Қазіргі уақытта АӘК алушылар мен бағдарлама бойынша оқудан өткен азаматтар қатарынан 90 үміткерге 52 млн. 506 мың теңге сомасында гранттар берілді.
стау Бизнес» жобасы бойынша өтеусіз негізде, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін беріледі. Қазіргі уақытта АӘК алушылар мен бағдарлама бойынша оқудан өткен азаматтар қатарынан 90 үміткерге 52 млн. 506 мың теңге сомасында гранттар берілді.
орналасады. Бүгінгі таңда «әлеуметтік жұмыс орындарына» жолдама бойынша 97 адам, «қоғамдық жұмыстар» бағыты бойынша 533 азамат жұмысқа орналастырылды.
Жастар оқу орнын бітіріп, диплом алып, жұмысқа орналасуға барады. Алайда, жұмыс берушілер жұмыс тәжірибесі бар маманға артықшылық береді. Бағдарлама аясында жас мамандарды жұмысқа орналастыру үшін жастар тәжірибесі бағыты жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 301 жас маман жіберілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 29 жастан аспаған, жұмыс тәжірибесі жоқ жастар арасынан алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге арналған «алғашқы жұмыс орны» пилоттық жобасы іске қосылды. Жұмыспен қамту орталығымен 29 қатысушы жұмысқа орналастырылды.
Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, атаулы әлеуметтік көмек-бұл қаржылық жағдайды жақсартуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға бағытталған өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету. Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек 1354 отбасына/5355 адамға тағайындалды.
Егер, Сіз жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, өмірлік қиын жағдайға тап болсаңыз, Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына Бұқар Жырау даңғылы 51/4 мекен-жайы бойынша жүгіне аласыз. Сізге сол немесе өзге де мәселелерді шешуде қуана-қуана көмектеседі.
Ж.Б.ИСКАКОВ,
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
ММ басшысы.