Сакураның гүлдеуі
Күншығыс елінде көктем мезгілін ерекше құрметпен қарсы алады. Мыңдаған қызғылт, күлгін, ақ түске боялған сакураның гүлдеуін Жапонияда жалпы жұрт болып ұлттық мереке ретінде тойлайды. Бұл мейрамды жапондықтар «Ханами» деп атайды.
Ханами – шие ағашының гүлдеу кезеңі. Бұл мереке Жапониядағы ежелгі Танг империясында XII ғасырдан бері ерекше аталып өтіп келеді. Шығу тарихында түрлі аңыз да бар. Жапонияда көктем ерте шығады. Сондықтан сакураның гүлдеуін бүкіл жапон халқы болып бақылайды. Шие ағаштарының гүл жарып түрлі түске енуін қалт жібермейді. Бұл кезең негізінен наурыз айының басынан мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Ханами мемлекетте ресми мереке болып бекітілген. Мереке кезінде адамдар жұмыстан, жастар мен балалар сабақтан босатылады. Барлық тұрғын саябақтарда, аллеяларда, түрлі демалыс орнында қыдырып көңіл көтереді. Орталық алаңдар адамдардан аяқ алып жүргісіз жағдайға жетеді.
Сакура гүлдеген кезде, жапондар ұлттық киімдерін киіп, ұлттық билерін көпшілікке тарту етіп, ұлттық әндерін аспандата шырқайды. Бетін аққа бояп кимоносын киген жапон әйелдері ұлттық тағамдарынан қонақтарға дәм татқызады. Бір-біріне игі тілек-лебіздерін айтып, келесі көктемде молшылықта, аманшылықта жолығуына ниет білдіреді. Жапондар көктемнің осынау мерекесін шексіз сүйіспеншілікпен қарсы алады. Жалпы, жапондардың ұлттық символын көрсететін ерекше мейрам. Көктем мезгілін осындай алапат сезіммен сүйетін жапондардың сакура туралы халықтық әні де бар.