Сақтандыру жүйесінде мәртебені қалай сақтап қалуға болады?

Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 282 мыңнан астам адамның мәртебесі белгіленбеген. Елімізде аталмыш жүйені іске асыру 2020 жылғы 1 қаңтардан басталған.

Бұл жүйе аты айтып тұрғандай, міндетті. Яғни, өз денсаулығыңыз үшін ай сайын жарна жинайсыз. Оны жұмыс беруші аударады. «Медициналық түрде сақтандырылмаған» азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде ғана көмек ала алады. Ал, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кеңейтілген пакетіне қолжетімділік болайды. Олар физиотерапия, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық зерттеулер сынды кеңейтілген тегін қызмет түрлерін пайдалана алмайды.

Сақтандырылмағандардың басым бөлігі – жалдамалы қызметкерлер, 62 мыңнан астам адам.

— Бірқатар себептерге байланысты қызметкердің мәртебесі болмауы мүмкін. Жұмыс берушінің жарналарды уақтылы немесе дұрыс есептемеуі, не мүлдем аудармауы, ұзақ уақытқа созылған демалыс, бір айдан астам еңбекке жарамсыздық,

жақын арада жұмысқа орналасу, тіпті алдыңғы кезеңдегі жарналар бойынша берешектің болуынан «Сақтандырылған» мәртебесі берілмейді. Берешекті өтеген кезде, тиісінше, статус ауысады, — деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағандыдағы филиалының бас сарапшысы Жанар Рақышева.

Өңірдің сақтандырылмаған тұрғындарының тізімінде – 8,1 мың жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін 32,7 мың азамат және 6,2 мың дербес төлеуші бар. Борышкерлердің 50 мыңы өзінөзі жұмыспен қамтығандар. Олар қаражатты бірыңғай жиынтық төлем қорына аударуы тиіс. Егер алдыңғы екі ай үшін төлем жасалған болса, бірыңғай жиынтық төлем енгізілген кезеңге ғана алынады.

Егер соңғы он екі айда сақтандыру жарналары бойынша берешек болмаса, немесе тұрақты түрде ақы төленіп тұрса, «Сақтандырылған» мәртебесі бірыңғай жиынтық төлем жасалғаннан үш ай өткен соң пайда болады. Мәртебені сақтап қалу үшін төлем әр айдың басында төленуі керек. Келесі айдың басына дейін төлем жасап үлгермеген жағдайда, мәртебе жоғалады.

Өңірімізде соңғы екі қорда сақтандырылмағандар саны айда азайған. Тамыздың басында аймақта 300 мыңнан астам адам сақтандырылмаған еді.

Ақторғын ДАРХАНҚЫЗЫ,

QH