Сәулет нысандары
Қарағанды орталығында ұлттық стильдегі сегіз шағын сәулет пішін орнатылды. Металлдан жасалған жаңа композициялар қаладағы халық көп жиналатын орындарды безендірді.
«Бұқар жырау даңғылындағы «Арбат» СО алдындағы алаңда сегіз шағын сәулет нысаны орнатылған: «Домбыра», «Қобыз», «Торсық», «Шаңырақ», «Тайқазан», «Білезік», «Асық», «Күбі». Жобаның авторы және орындаушысы – «Қарағанды Көркем» мердігерлік ұйымы. Орындалған жұмыстардың кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды», – деп хабарлады Қазыбек би атындағы ауданның баспасөз қызметі.
Барлық нысан жарықтандырылған, олар кешкілік және түнде жанып тұрады.
Құралай КӨБЕНОВА, «QH»