Сәлемдеме жіберушіге айыппұл салынды

Дезодорант ішіне жасырылған екі телефон пошта арқылы Ақтаудан Жезқазған колониясына жіберілген.

Қарағанды облыс — тық қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің АК-159/25 мекемесі қыз — меткерлері мекеме а у — мағына тыйым салынған заттарды алып өту фактісінің алдын алды.

Әр сәлемдемені қабылдағанда қызметкерлер жазасын өтеушіге жіберушіні білетіні туралы қарапайым сұрақтар қояды. Жазасын өтеуші сұраққа жауап бере отырып ашуға булығып, жіберушімен таныс емес екенін айтқан. Мекеме қызметкерлері бұл жайтқа күмәнмен қарай бастайды. 26 жастағы жазасын өтеушіге келген сәлемдемені ашу кезінде қорапта жеке гигиена заттары болған. Содан кейін қызметкерлер заттарды металл детектор және рентген- теледидар қондырғысынан өткізіп, «Рексона» шарлы дезодоранттарында қара түсті «Inoi» және «Nokia» маркалы ұялы телефондар жасырылғанын анықтады.

Аталған факт мекеменің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, жөнелтушіге 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Қарағанды облыстық қылмыстық- атқару жүйесі департаменті